«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты 2023-2027 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында әзірленген Жол картасының 41-ші тармағында жыл соңына дейін 1 емхана салынуы жоспарланған.
Осыған сәйкес «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Б.Тулегенов Ынтымақ-2 шағын ауданындағы тәулігіне 350 келушіге арналған емхана құрылысымен танысты.
Сайлауалды бағдарламада қала тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында жаңа нысандар салынып, халық игілігіне берілуі көзделген. Абай ауданына қарасты Ынтымақ-2 шағын ауданында орналасқан нысан Жол картасында бар. Жалпы ауданы 7000 шаршы метрді құрайтын ғимарат 100% жеке инвестордың есебінен салынуда.
Жоспарға сәйкес құрылыс мерзімі ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін аяқталып, қолданысқа беріледі. Осылайша шағын аудан тұрғындары жоғары сапалы медициналық көмекті аталмыш емханадан алатын болады.
KazPikiR тілшісі