«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек!» партиялық жобасы аясында Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Қамқорлық» №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмыс барысымен таныстық.
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары Е.Айтбаев, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясының депутаттық фракциясының жетекшісі ретінде партия филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің мүшелерімен бірге орталықтың тыныс-тіршілігіне зерделеу жүргіздік.
«Қамқорлық» қоры бастамасымен «Қазақстан халқына» қоры және «Самұрық Қазына» АҚ бірлесіп Орталыққа жалпы құны 280,0 млн. теңгеге қажетті жабдықтар, жиһаз жиынтықтары, компьютерлік құрылғылар Финляндия, Жапония, Австрия мемлекеттерінен жеткізілген.
Орталықта қызмет алушы балаларды әлеуметттендіру мақсатында, психологиялық жағдайын жақсарту үшін заманауи үлгіде жабдықталған қосымша білім беру және әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, проекциялық интерактивті, сенсорлық бөлме, сенсорлық интеграциялық бөлмелері, ЕДШ залы, робототехника лего кабинеті, музыка-терапия, арт-терапия бөлмелері мен тігін, ағаш, қыш шеберханалары қарастырылған.
«Қамқорлық» қоры мен «Балама» оқыту орталығының келісімі негізінде 36 маман біліктілігін арттыру курстарынан өтіп, сертификаттармен қамтамасыз етілді.
Орталықтың жобалық қуаты 110 балаға арналған. Қазіргі таңда 50 балаға бекітілген әлеуметтік стандартқа сәйкес 8 нысанда (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік – еңбек, әлеуметтік- мәдени, әлеуметтік – психологиялық, әлеуметтік – педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық) қызметтер көрсетілуде.
Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясының депутаттық фракциясының жетекшісі Имашев Қайрат Есенбекұлы