Соңғы жылдары арнаулы білім жүйесінде ерекше мұқтаждығы бар балаларды сапалы біліммен қамтамасыз ету өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.
Сайрам көмекші-мектеп интернат колледжінің директоры ретінде маған бұл саланың тыныс-тіршілігі етене жақын, бағыты мен мақсаттары анық.
Осы балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған негізгі міндет – олардың әлеуметтік бейімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету қажеттілігі болып табылады.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың мәселесі «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға «Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламасының екі бағытында қаралған – «Әлеуметтік қамқорлық» және «Сапалы білім мен медициналық қызмет».
Партияның бағдарламалық құжаттары мен жобаларының шеңберінде көптеген игілікті істер жүзеге асырылып келеді.
Шымкент қалалық Қаратау аудандық филиалына қарасты «Sayram-Orkeniet» бастауыш партия ұйымы мен қалалық филиалдың жанындағы Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің төрайымы ретінде осы бағыттағы ауқымды жұмыстарға атсалыстым. Еселі еңбектің жемісі де бар. Алдағы уақытта да осы бағытта нәтижелі жұмыстарды атқара бермекпін.
«SAIRAM-ORKENIET» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ ТАҢАТАРОВА ЖАДЫРА НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ