«AMANAT» партиясының атынан Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Имашев Қайрат Есенбекұлын Қазақстан мәслихаттарының «Құрметті депутаты» атануыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Қашан да халықтың игілігі үшін жұмыс атқарып келесіз! Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, ел мүддесі жолындағы бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, партияның Қаратау аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Имашев Қайрат Есенбекұлы 1977 жылы 26 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысында, көпбалалы отбасында дүниеге келген. 1984 жылы бірінші сыныпқа қабылданып, 1994 жылы Шымкент қаласындағы Ж.Жабаев атындағы №26 мектеп гимназиясын бітірген. 1994-1998 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қолданбалы математика және информатика» мамандығы бойынша тамамдаған. 2003-2005 жылдар аралығында Астана қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң университетін қаржы бакалавры академиялық дәрежесін иеленді. 2016-2020 жылдар аралығында Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласындағы Ресей Президенті қарамағындағы Мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы Академиясында «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген (МВА).
Еңбек жолын 2002 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында жетекші менеджер қызметінен бастаған. 2003 жылы менеджер көмекшісі, 2004 жылы бөлім басшысы және басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2004-2007 жылдар аралығында аталмыш мекеменің Қазығұрт аудандық филиалының басшысы қызметінде жұмыс жасады. 2007-2009 жылдар аралығында «АТФБанк» АҚ ОҚО филиалы, Сайрам ауданы, Ақсукент елді-мекені №4-ші банктік қызмет көрсету орталығының басшысы болды. 2009-2011 жылдар аралығында «Мұнай инвестмент груп» АҚ-ның қаржы директоры лауазымын атқарды. 2011-2015 жылдар аралығында «Нұрбанк» АҚ Шымкент қаласындағы филиал басшысының орынбасары болып, 2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін «СервисЦентр-2007» ЖШС-нің құрылтайшысы болып табылады.
2011 жылдан бастап партияның мүшесі. 2015 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы секторын дамытуға қосқан үлесі үшін, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының «Ең жақсы қаржы маманы» Қоғамдық медалімен марапатталған. Алматы қаласы. 2019 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын иеленген. Нұр-Сұлтан қаласы. 2019 жылы партияның «Құрмет» грамотасын алған. Нұр-Сұлтан қаласы. 2021 жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Елбасы Н.Назарбаевтың Алғыс хатына ие болды. Нұр-Сұлтан қаласы. 2021 жылы партия праймеризінің жеңімпазы. 2022 жылы ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталған. 2022 жылы партияның «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісінің иегері.
Жанұялы, екі ұл және бір қыз тәрбиелеуде.
KazPikiR тілшісі