Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметОтбасыАМАНАТТЫҚТАР БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ!

АМАНАТТЫҚТАР БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ!

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен 14-31 тамыз аралығында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Балаларды мектепке дайындайық!» акциясы бойынша партия филиалының жанындағы аймақтық кеңестердің, бастауыш партия ұйымдарының, партия белсенділерінің, фракция мүшелерінің қолдауымен 620 отбасының 1440 балалары мектепке қажетті құрал жабдықпен қамтамасыз етілді.

Акцияның мақсаты: Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды: мүгедек балаларды, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, көп балалы және толық емес отбасыларда, мүгедек отбасыларда тәрбиеленетін балаларды қолдау бойынша мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының және бизнес-қауымдастықтың күш-жігерін шоғырландыру;

• Аз қамтылған отбасылар мен жетім балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару, осы санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету;

• Азаматтарды, бизнес-қауымдастықтарды және үкіметтік емес ұйымдарды қайырымдылық қызметке тарту;

• Қоғамда қайырымдылықтың рухани-адамгершілік құндылықтарын танымал ету және нығайту.

#соберемребенкавшколу #баланымектепкедаярлайық

KazPikiR тілшісі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР