Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетЖаңалықтарСАЯБАҚТАР САҚТАЛАДЫ

САЯБАҚТАР САҚТАЛАДЫ

«Жер Аманаты» республикалық комиссия мүшелері келесі кезекте А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябаққа бет алды. Бүгінде бұл саябақ шымкенттіктердің ең сүйікті орындарының бірі. Мегаполисте атмосфералық ауаның жай-күйі халық үшін жоғары деңгейде болуына бірден бір себепкер осы мекен десек те болады.
Саябақ маңында 28,4 соттық жерді мемлекет меншігіне қайтару үшін сегіз сот процесі өткен. Алдағы уақытта 0,4 және 6,3 соттық жерді бақ қарамағына қайтару үшін іс сотқа тапсырылды.

Республикалық комиссия мүшелері осы мәселеге қатысты соңғы байламға келді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Жер аманаты» республикалық комиссия төрағасының орынбасары Базарбек Бақытжан жоғарыда айтылған жер аумағы мемлекет меншігіне кері қайтарылатынын жеткізді.

Республикалық комиссия мүшелері аялдаған келесі жер ол «Кең баба» және «Қиял әлемі» саябақтары. Мұнда саябақ территориясына заңсыз құрылыс нысандары салынғаны туралы мәселе көтерілді. Астанадан келген комиссия мүшелері аталмыш сауалдар бойынша толық зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін, құрылыс нысандарын қажет жағдайда мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығару керек екенін айтты. Осы орайда «Жер Аманаты» республикалық комиссиясының бастамасымен саябақ территориясындағы заңсыз құрылыс нысандарын сотқа беру бойынша талап-арыз берілетін болады.

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР