НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мерекелік күндердің тізбесіне қатысты қаулы жобасын даярлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы орайда мерекелік күндердің тізбесіне қатысты жобада мынадай мазмұндағы 37-1 пунктімен толықтырылады:
«37-1. Кітапханашы күні – 22 қазан».
Атап айтқанда, аталған жобаның мақсаты – кітапханашы мамандығының имиджін көтеру және оны кәсіби аренада ынталандыру.
«Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатты қоғамдық талқылау биылғы 18 ақпанға дейін жалғасады.