Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновпен бірге Сайрам тұрғын алабының Тассай бөлімшесінің инфрақұрылым жүйелері бойынша атқарылған жұмыстарымен танысып, тұрғындармен кездестік. Коммуналдық инфрақұрылымы толық шешілмеген елді мекен тұрғындары сапалы электр жарығымен толық қамтылған. Бүгінде ауыз су кестемен берілетін Тассайға қажеті тұрақты және сапалы ауыз су, көшелерге асфальт жол және табиғи газға қосылу. Жергілікті тұрғындардың өтінішін тыңдап аумақтағы тұрғын үйлерге табиғи газ жүйелерінің толық жүргізілгенін, АГРС-3 нысаны көктемде іске қосылғанда көгілдір отынға қосу жұмыстары басталатынын, алдағы екі жылда мегаполисте ауыз су мәселесі толық шешілетінін жеткіздік.
Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен жергілікті әкімдіктерге халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде нақты міндет жүктеді. Қазіргі таңда Шымкенттегі 81 елді мекеннің 78-інде сапалы ауыз су мәселесі шешілген. Қалған үш елді мекенде ауыз су кесте бойынша беруде. 2022 жылдың соңына дейін ауыз сумен қамту көрсеткіші 99 пайызға жеткізу көздеп отырмыз. Ол үшін биыл тағы 1 магистралды су құбыры және 1 елді мекеннің ішкі су жүйелерінің құрылысы аяқталады. Ал, 2023 жылдың соңына қарай шымкенттіктер тәулік бойы үздіксіз берілетін сапалы ауыз сумен 100 пайызға қамтылады. Көшелерге асфальт жол салу бойынша қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына нақты тапсырмалар жүктедік. Сөз соңында тұрғындарды алаңдатқан сауалдардың жіті зерделенетінін айтып, елдімекеннің дамуына атсалысып жүрген белсенді азаматтарға алғысымызды жеткіздік.
Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Сулайманов Лазиз Низамханұлы.