Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетПікірХАЛЫҚТЫҢ ТАЛАБЫ БАСТЫ НАЗАРДА БОЛУЫ ТИІС!

ХАЛЫҚТЫҢ ТАЛАБЫ БАСТЫ НАЗАРДА БОЛУЫ ТИІС!

Қазақстан Республикасының Президенті, «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен партиямыздың кезектен тыс ХХІІ-ші Съезіне мәслихаттағы фракция жетекшісінің орынбасары әрі республикалық Саяси кеңестің мүшесі ретінде делегат болып қатыстым. Съезде Партия Төрағасының саяси ұйымды модернизациялау бойынша берген тапсырмасы аясында дайындалған бағдарлама талқыланып, оны Съезд делегаттары бірауыздан мақұлдадық. Модернизациялау бағдарламасы 7 басымдыққа ерекше мән берілді. Соның ішінде халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру бойынша қоғамдық кеңестер оңтайландырылатынын қоғамдық кеңестің төрайымы ретінде қолдаймын. Партия филиалы жанынан құрылған 11 қоғамдық кеңес 8 кеңеске біріктірілетін болды. Бұл өз кезегінде кеңестер жұмысының тиімділігі мен сапасының артатынына бағытталып отырғаны белгілі.

Сонымен қатар, Мемлекет Басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, халықпен тығыз қарым-қатынасты орнату үшін депутаттар мен фракция мүшелерінің қалаға қосылған 44 шалғай елді мекендердің тұрғындарымен тұрақты көшпелі кездесулерін өткізу тәжірибесі қолға алынатын болды. Бұл тәжірибе тұрғындар наразылықтарының алдын-алуға мүмкіндік беріп, әлеуметтік шиеленістерді болдырмаудың бірден-бір жолы екенін түсінуіміз қажет.  Қазіргі таңда қалада көптеген наразылықтардың орын алуы тұрғындарға ақпараттардың дұрыс жеткізілмеуінен деп санаймын. Қайсыбір саналы азаматқа дұрыс түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болса, қоғамда тұрақтылық сипаты орын алары хақ. Сондықтан 2021 жылы қала аумағында 105 наразылық акциялары орын алған болса, олардың 40 пайызға жуығы инфрақұрылым мәселесі екенін анықталған. Осы бағытта партия әр азаматтың лайықты өмір сүруі үшін атсалысатын болады. Бес жылға жоспарланған сайлауалды бағдарламаның мазмұны да осында. Яғни, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» деп аталды.  Барша тұрғындардың өркениетті қоғамда жағдайларын жасауға атсалысатын боламыз!

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясының фракциясы жетекшісінің орынбасары Таңатарова Жадыра Нағашыбайқызы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР