Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетПікірТАЛАП-ТІЛЕКТЕРДІ БАСШЫЛЫҚҚА АЛАМЫЗ!

ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРДІ БАСШЫЛЫҚҚА АЛАМЫЗ!

Түркістан облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Давлетяров Нұралы Абдрахимұлы: Мемлекет басшысы, «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен «AMANAT» партиясының кезектен тыс ХХІІ-ші Съезі өтті. Съездің басты ерекшеліктерінің бірі партияны қайта жаңғырту бойынша әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, нақты тапсырмалар жүктеді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына орай,  фракция мүшелері мен партияластар жұмыстарды қарқынды түрде жүргізуіміз қажетдеп санаймын. Сайлаушылар мен жергілікті мемлекеттік орган ортасында үйлестіруші ретінде партия бүгінгі күннің талаптарына сәйкес қызмет атқаруын жалғастыратын болады. Жергілікті халықтың өзекті мәселелері мен құнды пікірлері Съезде жауабын тауып, мақұлданды деп есептеймін. Партияның басты мақсаты – ел мүддесі жолында адал қызмет ету болып табылады. Осы бағытта жүйелі түрде партияның қайта жаңғыруы үшін өзіндік үлестерімізді қосатын боламыз. Партия – нақты істер партиясы екенін дәлелдей алады деген сенімдемін! Барлық партияластар халықпен бірге жұмыла отырып, талап-тілектерін басшылыққа аламыз! Оң шешімін табуға ықпал ететін боламыз!

KazPikiR

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР