Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетПікірЖАСТАР – ЕЛІМІЗДІҢ КЕЛЕШЕГІ!

ЖАСТАР – ЕЛІМІЗДІҢ КЕЛЕШЕГІ!

Ел Президенті, «AMANAT» партиясының Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың төрағалығымен партиямыздың кезектен тыс ХХІІ-ші Съезі өтті. Съезд қорытындысымен партияны модернизациялау бағдарламасы мақұлданып, жеті басымдық негізінде алдағы уақытта жұмыстар жүргізілуі керек екені нақтыланды. Партия Төрағасы жастарға ерекше мән беріп, елдің болашағы біздерге үлкен сенім артты. Бұл өз кезегінде жастар мәселесінің үлкен мінбелерде көтеруге мүмкіндік береді деген сөз.

Қазіргі таңда қаламызда жастар мәселесі өте өзекті болып табылады.  Сондықтан қай жерде болса да, жастарға деген назарды ерекше бөлу керек деген пікірдемін. Жастар қоғамның қозғаушы күші. Қай заманда болмасын ағаларымыз біздерге сенім білдіріп, болашақ елдің тізгінін ұстайтындар деп қолынан келгенше елі мен жерін сүюге тәрбиелеп отырған. Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін!» деген ұраны әлі де ерекше маңызға ие. Сондықтан жас депутат болғандықтан өңіріміздегі жастардың әлеуетін жоғарлату мақсатында іске асатын жұмысымызды жүйелендіріп, күшейтуге белсенді түрде атсалысатын боламыз.

Сонымен бірге, «JAS OTAN» Жастар қанатының жұмысын жетілдіруде бірлесе отырып, белсене жұмыс атқарамыз.«Jas Otan» қатарына жастар арасында шын беделі бар нағыз көшбасшылар тартылатын болса, жаңа тың идеялардың іске асуына мүмкіндік болады. Ал, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулитын «Қайсар» атты жаңа әскери-патриоттық жоба іске қосылатыны жастар арасында үлкен қолдауға ие болып отыр. Бұл дегеніміз – Тәуелсіз елімізді қорғайтын, мемлекетімізге қызмет ететін ержүрек азаматтарды тәрбиелеуге басымдық берілетіні белгілі. Сондай-ақ, креативті жас партия мүшелерінің әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін «Партияның контент-Фабрикасы» жобасын қолға алуды жоспарлап отыр. Бұл нағыз инновациялық идеялары бар жастарды бір шаңырақ астына жұмылдыруға жағдай жасалады деп санаймын. Қазақ халқында «Жас келсе – іске!»,- деген сөз бар. Сондықтан «Біз біргеміз» және «Волонтер мектебін» одан әрі нығаюына жастар қауымы әрқашан тынбай еңбек етіп, үлесімізді қосуымыз тиіс. 

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Балабиев Нұрсұлтан Қайратұлы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР