Партияның кезектен тыс ХХІІ-ші Съезі ҚР Президенті, «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен жоғары деңгейде өтті. Съезде партия Төрағасы бірқатар тапсырмалар жүктеп, негізгі басымдықтарға тоқталды. Бұл бастамаларға Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі ретінде қолдау білдіріп, іске асырылу барысында өзіндік үлесімді қосатын боламын.
Съезде партияны модернизациялау бойынша бағдарламасы таныстырылып, партияластарға жолданды. Саяси ұйымды қайта жаңғырту бағдарламасында негізгі 7 басымдық қаралып, соның ішінде партияның жұмысында ашықтықты арттыру бойынша атқарылатын жұмыстарға ерекше мән беруді қажет деп ойлаймын. Осы уақытқа дейінгі жарияланып, пилоттық режимдегі партияның «Депутаттар рейтингі» жүйесі өзінің өзектілігі мен қажеттілігін көрсетті. Мұнда әр фракция мүшелері сайлауалды бағдарламаны іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасында өздеріне бекітілген тармақтар бойынша орындалғаны туралы ақпараттарды жүктеген болатын. Көпшілігі әлеуметтік талаптарға сәйкес жұртшылықпен де кездесіп, тиімді жолдарды ұсынып, мемлекеттік мекемелерге де сұраныстар жолдады. Бұл әлі де жалғастыруды қажет ететінін түсініп отырмыз. Партия атынан сайланған депутаттар болған соң, Жол картасының уақытылы әрі сапалы орындалуына жауапты екенімізді білеміз. Партияның оң имиджі мен нақты істердің партиясы екенімізді дәлелдеуіміз тиіс. Осы бағытта әр фракция мүшесі белсене жұмыс жасауы керек.
Тұрғындардың назарына бұдан кейін депутаттардың рейтинг қорытындылары жарияланатын болады. Бұл өз кезегінде сайлаушылардың фракция мүшелерінің қызметімен танысып, өзін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, атқарылып жатқан жұмыстары туралы мәліметтерін рейтингтен көре алады. Сонымен қатар, «Ашық партия» экожүйесіне халық пен депутаттар арасындағы байланысты жеңілдету үшін арнайы әзірленген жаңа мобильді қосымша іске қосылады деп жоспарлануда. Бұл нағыз демократиялық қағидалардың қалыптасуына септігін тигізетіні белгілі. Халық пен билік арасындағы алтын көпір ретіндегі қызметімізді жоғары деңгейде атқаратын боламыз.
Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Сулайманов Лазиз Низамханұлы