Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетПікірБАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛІП, САПАЛЫ ЖҰМЫС СҰРАЛАДЫ!

БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛІП, САПАЛЫ ЖҰМЫС СҰРАЛАДЫ!

ҚР Президенті, «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен партияның кезектен тыс ХХІІ-ші Съезі өтті. Съезде партия Төрағасы партияның қайта жаңаруы бойынша негізгі басымдықтарды айқындап берді. Съезде партияны модернизациялау бойынша бағдарламасы таныстырылды. Саяси ұйымды қайта жаңғырту бағдарламасында жеті басымдық қаралып, соның ішінде партиялық бақылауды күшейту мәселесі күннің қарарында тұрғаны өзекті болып табылады. Атап айтатын болсам, партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған қалалық сайлауалды бағдарламаны орындау үшін Жол картасы түзілді. Барлық фракция мүшелері тармақтардың орындалуына жауапты етіп бекітілді. Соның нәтижесінде 2021 жылға жоспарланған іс-шаралар 92 пайызға орындалғаны үлкен жетістік деп есептеймін.

Барша партияластар үшін сайлауалды кезеңінде сайлаушыларға берген уәдемізді іс жүзінде орындау басты ұстанымымыз. Съезд барысындағы партияның қайта модернизациялануында Сайлауалды бағдарламаның  орындалуын тексеру күшейтілетіні тапсырылды. Мұнда Жол картасының басымдықтарына  партия филиалы Бюросының мүшелері, ал индикаторларының орындалуына – партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері бекітілетін болды. Бұл сайлауалды бағдарламаның орындалуына партиялық бақылаудың одан әрі күшейтіліп, талаптар қойылатыны белгілі.

Сондықтан сапалы әрі уақытылы орындау үшін барлық партияластар жұмыстарды жүйелі түрде іске асыратын боламыз. Сондай-ақ, бақылауды күшейту мақсатында мәслихаттағы фракция отырысында аймақтық филиал төрағасы – әкімнің есептерін тыңдау тәжірибесі енгізілетін болады. Депутаттар алдында әкімдер атқарылған жұмыстарын таныстырып, есептері тыңдалады. Бұл фракцияның рөлін арттырып, үлкен жауапкершілік пен тиянақтылықты қалыптастырады.

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Анарбеков Нұрпейіс Жапарұлы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР