Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетПікірБІЛІКТІ ПАРТИЯЛАСТАР – БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ!

БІЛІКТІ ПАРТИЯЛАСТАР – БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ!

Мемлекет басшысы, «AMANAT» партиясының Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың төрағалығымен партиямыздың кезектен тыс ХХІІ-ші Съезі өтті. Партия Төрағасының Съездегі барлық бастамаларына  Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі ретінде қолдау білдіремін.  

Съезд қорытындысы негізінде партияны модернизациялау бойынша бағдарламасы делегаттар тарапынан бірауыздан мақұлданды. Партияны қайта жаңғырту бағдарламасы 7 басымдықтан тұрып, әрқайсысы маңызға ие болғанын айтып өтейін. Соның ішінде партияластар арасында ынтымақтастықты арттыру бойынша партия мүшелерінің біліктілігін көтеру қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылады. Саяси сауатты және қоғамдағы оқиғаларға дұрыс баға бере алатын, тұрғындарға саясатты оң жағынан түсіндіре алатын партияластардың қалыптасуы өте орынды деп есептеймін.  Осыған орай, партияның негізгі өзегі болып табылатын бастауыш партия ұйымдары белсенді түрде жұмыс жасауы қажет.  Сонда тұрғындардың талап-тілектерін жоғары тұрған филиалға жеткізетін бірден-бір жол екені белгілі. Сонымен қатар, партияның қоғамдық-саяси жұмыстарына белсене қатысып, бастауыш ұйымдардың арасында бәсекелестікті қалыптастыру мақсатында осы ұйымдардың жетекшілерінің рейтингін енгізу күн тәртібінде тұрғаны өте дұрыс шешім екені белгілі. Съезде айтылғандай партия жарнасының 20 пайызын қайтару арқылы бастауыш партия ұйымдары– партиялық жобаларды, қоғамдық саяси іс-шараларды ұйымдастыруда жігерлілік танытатын болады.  

Сондай–ақ саяси менеджмент мектебі 3 мыңнан астам партия мүшесін саяси менеджмент пен коммуникацияның жаңа форматтары бойынша оқытып, партияластардың білімдері шыңдалады. Бұл партияластардың саяси мәдениетінің қалыптасуына және саяси шешім қабылдауға ықпал етуге негізгі тетік болатыны анық. Өз кезегінде демократиялық құндылықтар мен қағидалардың іс жүзінде асуына жағдай жасалады.

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қозбахов Шыңғыс Лесбайұлы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР