Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетЖаңалықтарФРАКЦИЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНУДА!

ФРАКЦИЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНУДА!

Қазақстан Республикасының Президенті, «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен партиямыздың кезектен тыс ХХІІ-ші Съезіндегі партияны модернизациялау бағдарламасын барлық фракция мүшелері бірауыздан қолдадық.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы, партия Төрағасының «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Жолдауында «Азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берген жөн. Мықты мәслихаттар өзекті мәселелердің шешімін табуға және аймақтардағы тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ете алады», – деп нақтылады.

Барлық фракция мүшелері Жол картасындағы индикаторлардың орындалуына жауапты. «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасы 2021 жылға жоспарланған іс-шаралар фракция мүшелері тарапынан бақылауға алынып, 92 пайызға орындалды.Қазіргі таңда биылға жоспарланған іс-шаралардың барлығы орындалу үстінде.  

Партияны модернизациялау бағдарламасы бойынша халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру мақсатында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Жол картасы аясында іс-шаралардың іске асырылуын бақылау мақсатында фракция мүшелері тұрғындармен бір жылдың ішінде 200-ге жуық кездесулер өткізді. Қаланың шалғай елді-мекендерінің мәселелерін назарға алып, бүгінгі таңда фракция мүшелері округтерге жауапты етіп бекітіліп, тиісті басқарма өкілдерімен бірге жүйелі кездесулерді ұйымдастыруды алға қойып отырмыз.

Фракция мүшелерінің әлеуетін пайдалану мақсатында оларды партия жұмысына тартып отырмыз.  Аймақтық Саяси кеңес Бюросында – 2, Саяси кеңесте – 5, қоғамдық кеңестерде – 18, бастауыш партия ұйымының төрағалығында – 12, фракция мүшелері белсенді жұмыс жасап жатыр. Олардың қатысуымен партиялық жобалар қарқынды іске асырылуда.       

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясының фракциясы жетекшісінің орынбасары Таңатарова Жадыра Нағашыбайқызы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР