Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметОтбасыБІЛІМДІ ПЕДАГОГ, ЖАНАШЫР ДЕПУТАТ МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ!

БІЛІМДІ ПЕДАГОГ, ЖАНАШЫР ДЕПУТАТ МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ!

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясының фракциясы жетекшісінің орынбасары әрі партияның қалалық филиалы жанындағы Отбасы мәселелері мен халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің төрайымы, Сайрам көмекші интернат колледжінің директоры Таңатарова Жадыра Нағашыбайқызын Шымкент қаласына арнайы іссапармен келген Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі ҚР Білім және Ғылым министрінің кеңесшісі Шер Раиса Петровна балаларға қосымша білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін Білім және Ғылым министрлігінің «Балалық шақ досы» медалімен марапаттады.

Бұл марапат Жадыра Нағашыбайқызының педагогика саласында аянбай еңбек еткенінің жемісі! Жетістіктердің барлығы қолдап жүрген ұжымы мен тәрбиелеп жатқан шәкірттерінің тілегі деп білеміз!  Сізге алдағы уақытта да көптеген жеңістер мен жетістіктер тілейміз! Марапат құтты болсын!

KazPikiR  

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР