Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетПікірСАЯСИ ӨЗГЕРІСТЕР – ЖАҢА ПАРТИЯЛАРҒА ЖОЛ АШАДЫ

САЯСИ ӨЗГЕРІСТЕР – ЖАҢА ПАРТИЯЛАРҒА ЖОЛ АШАДЫ

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында жалпыхалықтық референдум өткізуді сөз етті. Еліміздегі саяси реформалар Жаңа Қазақстанды құрудың негізгі тетігі екенін атап өтті. Екінші республика құру арқылы демократиялық қағидаларды одан әрі жетілдіруге болады деп есептеймін. Ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Төле би бабамыз айтқандай: «Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле». Сондықтан Қазақстанның демократиялық, әділетті және өркениетті мемлекет болып құрылуына жұдырықтай жұмыла отырып, өз үлесімізді қосуымыз тиіс.

Конституциялық реформада көрсетілгендей, саяси партиялар арасында бәсекелестікті қалыптастырып, азаматтардың ел дамуына атсалысуына үлкен мүмкіндік беретіні белгілі. Саяси партияны тіркеу үшін қолдаушылардың саны бес мың адамға дейін қысқаруы оң өзгерістерге әкеледі. Осы арқылы жаңа партия құрудағы жеңілдіктер халықтың саяси белсенділігін арттырады деп санаймын.

Ал, саяси партиялар Парламентке өту үшін бұрын 7 пайыз дауыс жинау қажет болса, ол меже қазір 5 пайызға дейін төмендеді. Мұның барлығы алдағы уақытта жаңа саяси партия құрамын деген азаматтар үшін жасалып жатқан оң өзгерістер деп есептеймін. Мемлекетіміз жаңа партиялардың құрылуына және қазіргі бар партиялардың да жаңаша форматта жұмыс істеуіне жағдай жасайтын болады.

Президентіміздің референдум өткізу туралы ұсынысы демократиялық қағидалардың дамуына мүмкіндік беретіні анық. Сонымен бірге, азаматтардың өткір де өзекті мәселелерін шешіп, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына тікелей көмектесе отырып, сыбайлас жемқорлықпен және азаматтық қоғамға жат құбылыстармен күресіп, әділетті өмір сүруге жол ашады.

Сондықтан әр азамат елінің болашағы үшін жасалынып жатқан өзгерістерге немқұрайлы құрамауы тиіс. Болашағымызға белсенді әрекет етіп, Жаңа Қазақстанды құруға атсалысуымыз керек. Референдум – саяси белсенділік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыратыны сөзсіз.

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Анарбеков Нұрпейіс Жапарұлы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР