Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметОтбасыОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ – ҚОҒАМНЫҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ      

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ – ҚОҒАМНЫҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ      

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес 11 айдың ішінде 4 отырыс өткізіп, 4 нысанға мониторинг жұмыстары жүргізілді.  Атап айтқанда «AMANAT» партиясы «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қолжетімді ортаның сақталуы бойынша Шымкент қаласы аумағында орналасқан 262 нысанға мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Бақытты жанұя» орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасы мүшелері, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылармен жұмыстарды жүзеге асырып келеді.

Қала бойынша  30 мыңға жуық аз қамтамасыз етілген және көпбалалы аналардың мұқтаждықтары  тіркеуге алынып, түрлі деңгейдегі   қызмет көрсетілді. Ақпараттық қолдау, психологиялық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталынан қызметтерін алу мәселелері бойынша көмектер  ұсынылып, аналардың сұраныстары канағаттандырылды.  

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес 2022 жылдың 11 ай ішінде 318 іс-шара өткізіп, 4280 адамды қамтыдық.

Бұл бағытта жұмыстарымыз жалағаса беретін болады. Жанұяның берекесі мен бірлігі қоғамның тұрақтылығы үшін өте құнды болып табалады. Әр отбасы мүшелері жауаптылықты сезініп, елге деген өз үлестерін қосуы қажет деп санаймын.

Таңатарова Жадыра Нағашыбайқызы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясының фракциясы жетекшісінің орынбасары,  «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің төрайымы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР