Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетЖаңалықтарӘУЕЖАЙ МАҢЫНДАҒЫ ҮЙЛЕР СҮРІЛМЕЙДІ

ӘУЕЖАЙ МАҢЫНДАҒЫ ҮЙЛЕР СҮРІЛМЕЙДІ

«Жер Аманаты» республикалық комиссия мүшелері Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен келді. Ең алдымен жұмысшы топ Абай ауданына қарасты Қызылжар тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу өткізді. Аэропорт қорғау аймағына кіретін үйлер мәселесі бойынша жергілікті тұрғындармен жүздесіп, мәселесі қаралды.

Шымкент әуежайы санитарлық қорғау аймағында орналасқан үйлерге қатысты мәселе көтерілгені баршаңызға белгілі. Тиісті құқықтық-нормативтік актілер бойынша нысанның қорғау аймағы 100 метрге дейінгі қашықтықты алып жатуы шарт. Оған әуежай маңындағы 139 гектар жер кіреді. Бүгінде аталған аймақта 307 жер телімінде тұрғын үй бар.

Осы мәселені шешу үшін мемлекетке 307 жер телімін қайтарып алу жөнінде қаулы қабылданған болатын. Нәтижесінде, мемлекет мұқтажына қайтарып алудың қала бюджетіне салмақ түсіретіні анықталды. Сол себепті, Шымкент әуежайына санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қашықтықтан жаңа ұшу-қону жолағын салу туралы шешім қабылданды. Алайда, жаңа жолақ салынатын маңда 50 баспананың бұзылу қаупі бар болатын. Республикалық комиссия мүшелері осы жөнінде зерделеу тұрғындарға баспаналары сүрілмейтінін жеткізді.

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР