Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетЖаңалықтар«РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚОЛДАУ» ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБТЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ.

«РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚОЛДАУ» ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБТЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ.

Бүгін Шымкентте «Референдумды қоғамдық қолдау» жөніндегі республикалық штабтың кездесуі өтті. Кездесуге  Шымкент қаласының мәслихат депутаттары, AMANAT партиясы фракциясының мүшелері Анарбеков Нұрпейіс Жапарұлы, Имашев Қайрат Есенбекұлы т.б. қатысты. Жиынды Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов жүргізді.

Арнайы ұйымдастырылған кездесуге «Референдумды қоғамдық қолдау» жөніндегі республикалық штабтың төрағасы Мұқашев Төлеубек Төлеуұлы және республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары, «Қоғамдық кеңес» мүшелері, қалалық және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары, «Шымкент қалалық мәслихат депутаттары бірлестігі» қоғамдық ұйымының төрағасы, қалалық кәсіподақтар бірлестігінің мүшелері, қоғамдық ұйымдар, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Бас қосуда «Шымкент қалалық мәслихат депутаттары бірлестігі» қоғамдық ұйымының төрағасы, референдум өткізу жөніндегі Шымкент қаласы қоғамдық штабының төрағасы Сатқанбаев Еркін Тұрниязұлы, қоғамдық кеңес төрағасы Мырзахметов Шалатай Мырзахметұлы, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлебаев Кенжехан Атақұлұлы өз ойларымен бөлісті.

Сонымен қатар жиынға қатысушылар көкейдегі сауалдарын қойып, өз ара пікір алмасты.

Жиын соңында мәслихат хатшысы Бахадыр Мәдәліұлы бағыт-бағдарды айқындау мақсатында «Референдумды қоғамдық қолдау» жөніндегі ұйымдастырылған іс шараға арнайы келген Төлеубек Төлеуұлына, Бақтықожа Салахатдинұлына алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қозбахов Шыңғыс Лесбайұлы Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР