Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетСаясатРЕФОРМА - ПРЕЗИДЕНТТІК БАСҚАРУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ!

РЕФОРМА – ПРЕЗИДЕНТТІК БАСҚАРУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ!

Елдегі Конституциялық реформалардың іске асуында суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік респуб­ликаға түбегейлі көшу міндеті нақтыланды. Тәуелсіздік алған жылдары еліміз үшін суперпрезиденттік басқару қажет болғанын білеміз. Мемлекетіміздің саяси сахнада орны мен рөлін белгілеу үшін қажеттілік екені заңдылық. Ал, реформа билік тармақ­тары арасындағы қарым-қатынас­тың тепе-теңді­гін және оңтайлы болуын қалыптастырады. Сондай-ақ президенттік институттың барынша дербес болуын қамтамасыз етеді.

Ата Заңымыздың 43-бабына 3-тар­мақ қосылады. Онда Қазақ­стан Респуб­ли­касының Прези­денті өз өкілеттік­терін жүзеге асыру кезеңінде саяси партия­да бол­мауға тиіс деп көрсетіледі. Осы логи­каға сәйкес Конституция­лық Сот­тың, Жоғар­­ғы Соттың және өзге де сот­тар­дың төр­аға­лары мен судья­ларына, Орта­лық сайлау ко­­мис­­­сиясының, Жоғары ауди­тор­лық па­ла­тасының төрағалары мен мүшелері­не де осындай тыйым салынады. Соның нәтижесінде саяси бәсеке артып, барлық саяси партияны дамытуға бірдей жағдай қалыптасады, дербес әрі әділ шешім қабылдауға жол ашылады.

Мемлекет басшысы барлық азамат­қа тең мүмкіндік берілуі­нің мызғымас кепілі болуға тиіс. Сол себепті Консти­туцияның 43-бабына 4-тармақ қосылады. Онда «Президенттің жақын туыс­тары мемлекеттік саяси қыз­метші­лердің, квази­мемлекеттік сектор субъектілері басшы­ларының қызметтерін атқаруға қақысы жоқ» деп көрсетіледі.

Президент облыс аумағында орналас­қан мәслихат депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қа­лалардың және астананың мәслихат депутаттарының келісі­мімен тағайындайды.

Бұл ретте Мемлекет басшысы кемінде екі кандидатура ұсы­нып, дауысқа салады. Дауыс беру­ге қатысқан депутаттардың көпші­лігінің дауысына ие болған кандидат келісім алған болып саналады.

Осылайша, жергілікті билікке қатыс­ты Президенттің өкілеттігі азайып, ол мәслихаттардың рөлін айтарлықтай арттыру арқылы өңірлік деңгейдегі әкімдер­дің қолына жинақталады. Бұл өз кезегінде демократиялық тәртіптің қалыптасып, дамуына септігін тигізеді.

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, республикалық штабтың мүшесі Қожамжарова Дария Пернешқызы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР