Референдумды қолдау жөніндегі «AMANAT» партиясының Республикалық және қалалық штаб мүшелері Шымкент қаласы, Абай ауданында орналасқан №1 Қалалық аурухананың ұжымымен 5-ші маусым күні өтетін республикалық референдумға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және референдумға шақыру бойынша кездесу өткізді. Кездесуге «AMANAT» партиясының республикалық штаб мүшесі, «Дустлик» өзбек этномәдени қауымдастығының төрағасы Икрам Акрамұлы Хашимжанов, «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық штаб мүшесі Бертаев Есемхан Қалмаханұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қозбахов Шыңғыс Лесбайұлы және Абай ауданы әкімінің орынбасары Есімжан Заңқоев, №1 қалалық ауруханасының бас дәрігері Абылай Донбай және аурухана қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында ҚР қолданыстағы Конституциясына 33 түзету енгізу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға түбегейлі көшу; Бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу; Парламенттің рөлін күшейтіп, мәртебесін арттыру; Елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту; Азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру бағыттары бойынша енгізілетін өзгерістер егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті. Жиынның соңында бас дәрігер сөз алып, ұжым мүшелері тарапынан денсаулық сақтау саласын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының саясатын қолдап, өзгерістерге дауыс беретіндерін айтты.
KazPikiR