Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметСпортAMANAT ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ АСУДА!

AMANAT ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ АСУДА!

Бүгін Шымкент қалалық мәслихат депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі ретінде «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасының өзіме бекітілген 48-ші тармағы бойынша 2022 жылы Шымкент қаласында 45 мың азаматты қамтитын 300 іс-шараның өтуіне бақылау жасауға жауаптымын.


Осы іс-шараның орындалуына бақылау жасау мақсатында, қаламызда «Қала күні» мерекесіне орай, қазақша күрестен «Шымкент барысы» республикалық турнирінің іріктеу кезеңіне Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі ретінде қатыстым. Сонымен бірге жарысқа қала әкімі М.Әйтенов, мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов және әріптестерім қатысты.

Жарысқа еліміздің 17 аймағынан 1 мыңнан астам спортшылар қатысты. Белдесуде 90 келіден астам салмақ дәрежесінде 26 балуан күш сынасты. Жарыстың қорытындысымен жүлделі 1-орын алған Мұзаппаров Ерсұлтан және де 2-орынға ие болған Темірхан Нұрсат «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама алып, оларды марапаттадық.


Республикалық турнирде спортшыларымыз қала намысын қорғайтын болады. Қазақ күресі Федерациясы тарапынан Мұзаппаров Ерсұлтанға автокөлік сыйлық берілді, Темірхан Нұрсат спортшымызға қаржылай 350 000 тенге, 3-орын иегері Қожагелді Нұрсұлтанға қаржылай 150 000 тенге сыйлық табысталды.

Имашев Қайрат Есенбекұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі.

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР