Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметБілімБҮГІНГІ БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ЕРТЕҢГІ БІЛІКТІ МАМАН!

БҮГІНГІ БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ЕРТЕҢГІ БІЛІКТІ МАМАН!

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін атап көрсетті. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»,  деп білімді дамытуға ерекше мән берген болатын.

Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы:«Қандай оқу орнының болсын, басты нысаны-оқушыларға сапалы білім, салиқалы тәрбие беріп, оларды еңбекшіл етіп тәрбиелеу», – деген болатын.

Қазіргі таңда жоғары оқу орындарының басты мақсаты студенттерді білімді етіп тәрбиелеумен ерекшеленеді. Сонымен қатар, заман талабына сай зияткерлік ұлтты қалыптастыруда бітіруші студенттерге деген сұраныстың артуы басты назарға алынады. Әрбір ЖОО өзі тәрбиелеген білімді маман иелерінің жұмысқа орналасуымен бағаланатыны белгілі.

80 жылға жуық тарихы бар М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетін бітіруші түлектері әлемнің жетекші оқу орындары мен отандық кәсіпорындарда сұранысқа ие болып жатқанын мақтан ете аламыз. Соның ішінде 2021-2022 оқу жылында «Физика» кафедрасы түлектерінің жұмысқа орналасып, қамтылуы 100 пайызды құрап отырғаны осының дәлелі деп есептеймін. Бұл ғылыми бағыттағы физиканың өзектілігі мен қажеттілігінің жоғары дәрежеде екенін көрсетеді. Яғни, техникалық бағыттағы білімі беру үрдісі барынша қолға алынғанын аңғартады.

Бұл мәселеге қатысты Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев  Мәжіліс отырысында: «Біз заңгер, экономист пен менеджер секілді мамандарды тым көбейтіп алдық. Сондықтан біз қазір білім алушыларды техникалық салаларға қарай бағыттауымыз керек. ….2025 жылға дейін Қазақстанда әлемдік беделі бар бес университеттің бөлімшесі ашылады. Екі оқу ордасы батыс өңірде бой көтереді. Сөйтіп елде техникалық мамандықтарға барынша көңіл бөлінеді», – деп нақтылап өткен болатын. Сонымен қатар ел Президенті білім саласын дамытуға жол ашатын бірқатар тапсырма берді. Қолжетімді әрі сапалы білім. Бұл – Мемлекет басшысы ұстанған басым бағыттардың бірі. Қасым-Жомарт Тоқаев салаға көзқарасты өзгертуге шақырды. Гуманитарлық мамандықтармен әуестену кезеңі келмеске кетіп, техникалық мамандыққа мән беретін кез келді. Инженерлер мен өнеркәсіп өкілдеріне басымдық беру керектігін айтты. Жоғары білімнің қолжетімділігі де көкейкесті мәселе болып қалуда. Елдің халық тығыз қоныстанған өңірлеріндегі жастарға арналған мақсатты гранттар бөлуге айрықша назар аудару қажет. Жаңа экономика құру үшін ЖОО бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды.

ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов: «Жұмысқа орналастыру орталықтарының бүгінгі жұмысының деңгейі мәз емес. Біздің көңіліміз толмайды. Университеттер көбінесе студенттер төртінші курсқа өтіп, ЖОО-ны бітіретін уақытта ғана жұмысқа тұрғызуды белсенді жүргізе бастайды. Бірақ бұл жұмыс, яғни алдын ала жұмыс орнын дайындау І-ІІ курстардан басталуы керек, – дейді ол.

Сайып келгенде, студент жастарды жұмыспен қамтуда қоғамның сұранысына қарай бейімдеуіміз тиіс. Адын – ала зерделеу жұмыстарын жүргізіп, келісім-шарттар түзіліуі керек. Сонда ғана білікті әрі білімді ұрпақтың қалыптасуына жол ашылады!

Пазылова Дана Темірбекқызы М.Әуезов атындағы ОҚУ, «Физика» кафедрасының аға оқытушысы.

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР