Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетҚұқықАЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ – БАСТЫ МӘСЕЛЕ!

АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ – БАСТЫ МӘСЕЛЕ!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Конституциялық реформаларды іске асыруда азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіруді нақтылап өтті. Яғни, Конс­ти­туциялық Кеңес Консти­туция­­лық Сот болып қайта құры­лады. Конституциялық Сот аза­мат­тардың өтініштері бойынша олардың Конституцияда бекі­тіл­ген құқықтары мен бостан­дық­тарына тікелей қатысты Қазақ­стан Республикасының нор­­мативтік-құқықтық актілерінің Рес­пуб­­лика Конституциясына сәйкес­тігін қарай­тын болады.

Өлім жазасын жою туралы шешім конституциялық дең­гейде түпкілікті бекі­тіледі. Прокуратураның құзыреті, оның жасақ­талуы мен қызмет тәртібі Конс­титуциялық заңмен белгіленеді. Бұл құқық қорғау қызметінің жүйелі жұмыс істеуін және заңда белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын қада­ғалауды күшейтуге тиіс.

Конституцияның жаңа нормалары Адам құқық­­тары жөнін­дегі уәкілге иммунитет береді. Ол азамат­тардың құқығы мен бостандығын қорғау кезінде қандай да бір өзге мем­лекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға тәуелді болмайды, ешкімге есеп бермейді. Ол өз жұмысында Конституциялық Сот­қа жүгіне алады. Адам құ­қық­тары жөніндегі уәкілдің құқық­тық мәртебесі мен қызметін ұйым­дастыру Конституциялық заң арқылы айқындалады.

Сондықтан реформаның негізі азаматтардың құқықтарының қорғалуы – демократиялық қағидаларға сай болатыны белгілі. Әлемдік өркениетті елдердің тәжірибесі көптеген жетістіктерге жеткізеді деген сенімдемін!

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Қожамжарова Дария Пернешқызы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР