«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында Шымкент қаласы бойынша әзірленген Жол картасындағы тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету тармақтарының орындалуы туралы ақпаратты ұсынамын. Атап айтқанда:
Жол картасында суды тасып ішетін 42 мың тұрғыны бар 7 елді мекенде ауыз су мәселесін шешу көзделіп отыр.
Тұран шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылдан бастап «Үшсай» ЖШС мердігерлік мекемесі тарапынан «Тұран шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету (1 кезек)» нысанының құрылысы жүргізілді. Бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстары толығымен аяқтап, пайдалануға берілді.
«Солтүстік Саяжай» шағын ауданын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 2020 жылдың қараша айынан бастап «Бес Қара» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан құрылыс жұмыстары басталған.
Ауыз су құбырларының ұзындығы 151,9 шақырым. Ауыз су құбырларының 150,9 шақырымы жүргізілген. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталып, толыққанды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
«Ынтымақ-2» шағын ауданында «Компания Ахмет» ЖШС мердігерлік ұйымымен 2020 жылдың шілде айынан бастап ішкі су құбыры жүлелерінің құрылысы жұмыстары басталған. Ауыз су құбырларының ұзындығы 136,8 шақырым. Ауыз су құбырлары толықтай салынған. Бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстары толығымен аяқтап, пайдалануға берілді.
«Батыс» және «Жаңатұрлан» шағын аудандарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 2020-2021жылдар аралығында мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілді. Ауыз су құбырларының ұзындығы 151,9 шақырым. Құбырлар толығымен салынып, пайдалануға берілді.
«Асар-2» ықшам ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың мамыр айынан бастап мердігер мекеме «Сарыағаш Аман» ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Ауыз су құбырларының ұзындығы 156 шақырым. Бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстары толығымен аяқтап, пайдалануға берілді. Ақтас-2 шағын ауданын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында, мердігер мекеме «Алтын констракшин» ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілді. Ауыз су құбырларының ұзындығы 50,9 шақырым. Бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстары толығымен аяқтап, пайдалануға берілді.
Сонымен бірге, қалаға жетіспейтін 3 магистралдық су құбырын салу жоспарланған.
1. «Шымкент қаласында, «Көмешбұлақ» су жинақтаушысынан, Тұран шағын ауданы айналма жолына дейінгі, диаметрі 920х10 мм ұзындығы 4,48 шқ құрайтын 2 магистралды суаққы құрылысы» нысанының құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2021 жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланған. Бүгінгі күні, «Көмешбұлақ» су көзінен алынатын 2 магистралды суаққының құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.
2. «1-ші аймаққа айналма жолынан бастап Шымкент қаласының Асар ықшам ауданына дейін магистралды су тартқыш салу» нысанының құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «Сарыағаш Аман» ЖШС тарапынан ағымдағы жылдың мамыр айында басталған. Жалпы ұзындығы 13,7 шақырымды құрайды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді.
3. «Шымкент қаласындағы 1-аймақта «Асар-2» ықшам ауданынан бастап Төлеметов көшесі мен Алматы трассасының қиылысына дейін магистралды су құбыры желілерін салу» нысанының құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС тарапынан ағымдағы жылдың мамыр айында басталған. Жалпы ұзындығы 11,7 шақырымды құрайды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2021 жылдың желтоқсан айында аяқталып, пайдалануға берілген.
Имашев Қайрат Есенбекұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, партияның Қаратау аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы