Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Білім және денсаулық мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Бейнекоференц-байланыс арқылы өткен жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан, Шымкент қаласының мәслихат хатшысы Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Әлібекқызы Бектаева, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Бекайдар Мұсаұлы Тулегенов, Ұлт денсаулығы және білім жөніндегі аймақтық Қоғамдық кеңестің төрағасы Есенбек Салдарбекұлы Серкебаев және қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Рыскелді Әліш қатысты.
Басқосу барысында мұғалімдерге жалақы және әлеуметтік төлемдерді уақытылы төлеу мәселесі сөз болды. Жұмыс берушілер ұстаздарға еңбек демалысының төлемін кешіктіргені немесе төлемегені үшін заң аясында жауапқа тартылатыны да айтылды.
Имашев Қайрат Есенбекұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі.