Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметИнфрақұрылымНҰРТАС ШАҒЫН АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАБУДА!

НҰРТАС ШАҒЫН АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАБУДА!

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі ретінде Шымкент қаласы, Қаратау ауданына қарасты Нұртас шағынауданы округі өзіме бекітілгендіктен, тұрғындардың негізгі мәселелері инфрақұрылымның оң шешілуіне бақылау жасап келемін.

Осыған орай, шағынауданда жыл соңына дейін 653 абонент сапалы электр қуатымен қамтылатын болады. Қазіргі таңда шағынауданда бағаналар тартылып, электр желілері тартылуда. Аталған жұмыстар 2021 жылы басталып, бүгінде құрылыс жұмыстарының 40 пайызға жуығы аяқталған. 

Атап айтатын болсам,  600-ден астам электр бағанасы орнатылып, 2 шақырым электр желілері тартылды. Содан кейін, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмыстары жүргізілетін болады. Жоспар бойынша, сапалы жарықпен қамту тамыз айында толық пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Сонымен қатар, Нұртас шағынауданын табиғи газбен қамту жұмыстары қатар атқарылуда. Газ жүйелерінің жалпы ұзындығы 15,7 шақырымды құраса, бүгінде оның 75 пайызы орнатылды.

Имашев Қайрат Есенбекұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі.

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР