Шымкент қаласында халық тығыз орналасқандықтан экологиялық тазалықты сақтау мақсатында барлық елді-мекендерді кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жолға қойылған. Бұл мәселе «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында әзірленген Жол картасында нақтыланған. Атап айтқанда, 2021 жылы 6,3 млрд. теңгеге 13 нысанның құрылысы жүргізілді (оның ішінде, 3 магистралды, 10 ішкі орамдық).
Жыл соңымен 1 магистралды 2 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, 18 мыңға жуық халық кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды (Магистралды – Тұран. Ішкі жүйе – Самал-1, Наурыз).
Нәтижесінде, кәріз жүйесімен қамту деңгейі 52,3%-дан54%-ға жеткізілді.
Қазіргі таңда, 81 шағын ауданның 19-ы (597,8 мың адам) кәріз жүйесімен қамтамасыз етілсе, 62 шағын аудан қамтылмаған.
2022 жылы 14 нысанның (о.і. 2 магистралды кәріз коллекторының, 1 кәріз сорғы станциясы (КНС) және 11 ішкі орамдық жүйенің) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. (Қаралған қаржы – 6,9 млрд.теңге (РБ – 5,3 млрд.тг., МБ – 1,6 млрд.тг)
2022 жылдың қорытындысымен 2 магистралды кәріз коллекторының, 1 кәріз сорғы станциясы (КНС)және 6 нысанның құрылысы аяқталып, 65 мың адам кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады.
Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 54%-дан, 60%-ға өседі.
Қазіргі таңдағы проблемалық мәселе, Кәріз тазарту имараты (КОС)1980 жылы салынған. Қуаттылығы –150 мың м3/тәул. Қазіргі уақытта КОС толық қуатында жұмыс істейді. Жауын-шашын көп болған кезде (күзде, қыста және көктемде) КОС-қа 170 мың.м3/тәу. дейін ағын түседі.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС тапсырысы бойынша қосымша қуаттылығы 50 мың.м3/тәу. кеңейту бойынша жобалау – сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сараптама қорытындысын алу мерзімі – 2022 жылдың маусым айы. Жобаның болжамдық құны – 4,2 млрд.теңге. Жобаны Европа қайта құру және даму банкі (ЕБРР) қарызы есебінен және мемлекеттік бюджеттен күрделі шығындарды субсидиялау арқылы іске асыру жоспарлануда.
Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес, 2025 жылға дейін №1 КОС қуаттылығы 150 мың.м3/тәу. және №2 КОС қуаттылығы 60 мың.м3/тәу. құрылысы жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда Бас жоспарға өзгерістер енгізілуде, осыған орай КОС қала аумағынан Түркістан облысының аумағында салу жоспарланып отыр. КОС қуаттылығы 375 мың.м3/тәу. болады.
2022 жылдың ақпанында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (МИИР) және Шымкент қаласы әкімдігі осы жобаны іске асыру бойынша Жол картасына қол қойған. Жобаны іске асыру 2022-2025 жж.
2025 жылы барлық жобаларды іске асыру Шымкент қаласы халқының 75% – ын сарқынды суларды тазартумен қамтуға мүмкіндік береді.
Қозбахов Шыңғыс Лесбайұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі