Қазіргі таңда Шымкент қаласы миллионнан астам тұрғыны бар өңір болғандықтан тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету кезең-кезеңмен оң шешімін тауып келеді. Қаланың даму жоспарында көрсетілгендей, 2021 жылы 15,5 млрд. теңгеге 14 нысанның құрылысы жүргізілді (оның ішінде, 3 магистралды, 11 ішкі орамдық).
Бұл өзекті мәселе «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында Шымкент қаласы бойынша әзірленген Жол картасында да нақтылай көрсетілген. Сондықтан, тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету бірінші кезекте тұрары анық.
Сонымен жыл соңымен 3 магистралдық сонымен қатар, тасымалды 7 елді мекен және жартылай қамтылған 2 елді мекендегі 25,6 мыңға жуық халық ауыз сумен қамтылуға мүміндік алды (Тасымалды – Тұран, Солтүстік саяжай, Ынытмақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас. Жартылай қамтылған. – Жаңаталап, Сәуле).
Нәтижесінде, сумен қамту деңгейін 95,6%-дан 98%-ға жеткізілді.
Қазіргі таңда, 81 елді-мекеннің 78-і (1084,9 мың адам) сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 3 елді мекен кестемен (Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ) қамтамасыз етілуде.
2022 жылы 7 нысанның (Құрсай 1,2 – кезек, Асар-2 2кезек, Нұртас ВС, Текесу е/м, Қайнарбұлақ е/м, Еңбекші ауданы жаңа құрылыстар) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. (Қаралған қаржы – 7,2 млрд.теңге (РБ – 6,6 млрд.тг., МБ – 0,6 млрд.тг)
2022 жылдың қорытындысымен 5 нысанның (Құрсай 1,2 – кезек, Асар-2 2кезек, Нұртас ВС, Текесу е/м) құрылыс жұмыстары аяқталып, 11 мыңнан астам адамды ауыз сумен қамтуға мүмкіндік береді.
2023-2025 жылдарға арналған қаланың даму жоспарына сәйкес, қала халқын 100% ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Қайнарбұлақ, Сайрам тұрғын алабының құрылысын аяқтау және қаланың оңтүстік бөлігінде су тапшылығын жою бойынша магистралды су құбырларымен су көзін салу жоспарға қойылған.
Қозбахов Шыңғыс Лесбайұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі