Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметИнфрақұрылымКӘРІЗ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ.

КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ.

«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында Шымкент қаласы бойынша әзірленген Жол картасындағы кәріз жүйесімен қамтамасыз ету тармақтарының орындалуы өз деңгейінде жүргізіліп келеді. Мәселен, Жол картасында кәріз жүйесі бойынша 2025 жылға дейін  84,4 шақырым кәріз жүйесін салу жоспарланған.

Қазіргі таңда, «КазахСантехжобалау» ЖШС-і жобалаушы мекмесімен 48 шақырым кәріз жүйесінің жобасы әзірленуде. Орындалған жұмыс көлемі 95 пайызды құрайды. Алайда, жоба толық аяқталғанымен де, өзектілігі болмауда. Себебі, кәріз тазарту имаратының (КОС-1,2) құрылысы 2025 жылға жоспарға қойылғанын ескере келе, жобаланудағы кәріз коллекторларының қосылу көзі болмауда.

Тәулігіне қуаты 50 мың текше метрлік және 20 мың текше метрлік 2 тазарту қондырғысының құрылысын аяқтау көзделіп отыр.  Шымкент қаласында қуаттылығы 60 және 150 мың м3/тәулігіне кәріз тазалау имаратының құрылыс нысандарының ауқымды болуына байланысты 3 кезеңмен жобалау және құрылыс жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

Алайда, бүгінгі таңда Бас жоспарға өзгерістер енгізіліп, жобаланудағы кәріз тазарту имараттарының (КОС-1,2) орналасатын орнын қала аумағынан алыстату мақсатында, қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан жұмыстар жүргізілуде.

Кәріз тазарту имараттарының құрылысына орналасу аумағы белгілі болған жағдайда, жобалаушы мекеме «Әсем Жоба Құрылыс» ЖШС-і тарапынан техника-экономикалық негіздемесін және жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жалғасын табады.

100 мыңнан астам халқы бар 7 елді мекенді қамтитын Арғынбеков – Жібек жолы магистралды кәріз жүйесінің құрылысы Арғынбекова-Жібек Жолы кәріз коллекорының құрылысыбойынша жобалаушы мекеме – «Казахский Водоканал Проект» ЖШС-і тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп, 20 жылы сараптама қорытындысы алынды. 2020 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізуге үшін бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер мекеме – «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстары бекітілген жобаға сәйкес жүргізілуде. Аталған құрылыс нысаны 2022 жылы толығымен аяқталып пайдалануға беріледі.

Үйлерді кәріз жүйесіне қосу 65% – ға дейін артады, 695 мың адам кәріз жүйесін пайдалана алады.

2022 жылдың қорытындысымен 2 магистралды кәріз коллекторының, 1 кәріз сорғы станциясы (КНС) және 6 нысанның құрылысы аяқталып, 65 мың адам кәріз жүйесіне қосылады.

2 маг: Арғынбеков, Тұран ішкі магистрал

1 КНС: Достық КНС

6 нысан: Самал-3, Мирас-Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік – Шығыс, Хлопзавод, Жұлдыз т.а.

Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 54%-дан, 60%-ға өседі.

Имашев Қайрат Есенбекұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, партияның Қаратау аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР