«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында Шымкент қаласы бойынша әзірленген Жол картасындағы инфрақұрылым тармақтарының орындалуы туралы ақпаратты ұсынамын. Атап айтқанда:
Жол картасында қосымша 4 магистралды құбыр салу жоспарланған. Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес, қаланың оңтүстік бөлігіндегі «Сайрам-су» су көзінен «Орталық-2» су жинақтағыш имаратына дейінгі магистралды суаққысының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Бүгінгі таңда, қала әкімдігінің шешіміне сәйкес, су көзінің орны ауысуына байланысты, жобаға түзетулер енгізілу қажет. 2022 жылғы бюджетті нақтылауға аталған жобаға түзету енгізу мақсатында, қосымша қаржы қарастыруға өтінім жолданды.
Сонымен қатар, қалған 3 магистралды суаққының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу, басқарманың 2022 жылғы жоспарына қойылды. Бүгінгі таңда, жобалауға қажетті қаржыны анықтау бойынша смета жасақталуда.
Жол картаға сәйкес, «Сайрам», «Қызыл су» және «Исфиджаб» т.а. бойынша жер асты сулары қорының көлемін анықтау бойынша геологиялық-іздестіру жұмыстарын жүргізуші мекемені анықтау мақсатында, жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
Сонымен қатар, Сайрам тұрғын алабындағы ауыз су жүйелерінің 1,2-кезеңдеріне қайта құру жұмыстарына жоба әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Құрылыс құны – 2,2 млрд.тенге. Ендігі кезекте, аталған тұрғын алаптың 3-кезеңіне, яғни Жаңақұрылыс аумағын сапалы ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету үшін, жобалаушы мекемені анықтауға мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
Сондай-ақ, аталған тұрғын алаптардағы, ауыз су жүйелеріне 2022-2023 жылдары қайта құру және Жаңақұрылыс аумақтарына ауыз жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар, ауыз суды кесте бойынша алатын 25 мың тұрғыны бар 5 елді мекенде ауыз сумен қамту көзделген. Яғни,Жаңаталап шағын ауданын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тапсырмасымен мердігер мекеме «СМК и Ж-7» ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған. Жоба бойынша ауыз су құбырларының ұзындығы – 89,6 шақырым. Бүгінгі таңда,құрылыс жұмыстары толығымен аяқтап, пайдалануға берілді.
Сәуле мөлтек ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекеме «АГАТ» ЖШС-гі тарапынан ағымдағы жылдың маусым айында құрылыс жұмыстары басталған. Ауыз су құбырларының ұзындығы ұзындығы – 55 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстары толығымен аяқтап, пайдалануға берілді.
Құрсай елді-мекенін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында «Шымкент қаласы Құрсай шағын ауданына жеткізуші магистралды суаққының және ішкі орамдық ауыз су жүйелерінің құрылысы (1-кезек)» нысаны бойынша мердігер мекеме «Риголит» ЖШС-мен жалпы соммасы 2 787,6млн. теңгеге 2021 жылдың 4 маусымында №90 келісім-шарт түзген.
– «Шымкент қаласы Құрсай шағын ауданына жеткізуші магистралды суаққының және ішкі орамдық ауыз су жүйелерінің құрылысы (2-кезек)» нысаны бойынша мердігер мекеме «Риголит» ЖШС-мен жалпы соммасы 2 399,6 теңгеге 2021 жылдың 4 маусымында №91 келісім-шарт түзген.
Қазіргі таңда, Шымкент қаласы Құрсай шағын ауданының ауыз су жүйесінің 1-ші және 2-ші кезек құрылыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарда.
Қайнарбұлақ тұрғын алабын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша:
Басқарма тапсырысымен, «Шымкент қаласы, Қайнар-бұлақ тұрғын алабын ауыз су жүйесінің құрылысы» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 25.01.2022ж. №KAZE-0012/22 сараптама қорытындысы берілді. 2022 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс беріліп, қаржы бөлінді.
«Шымкент қаласы, Қайнар-бұлақ тұрғын алабын ауыз су жүйесінің құрылысы» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 25.01.2022ж. №KAZE-0012/22 сараптама қорытындысы берілді. 2022 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс беріліп, қаржы бөлінді.
Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, мердігер мекемесі анықталды. Құрылыс жұмыстары 2022-2023 жылдары жүргізілетіндігін хабарлаймыз.
Сайрам тұрғын алабын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша,
Сайрам тұрғын алабынтұрақты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 3 кезеңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Яғни, ауыз су мәселесі тапшы болып тұрған 1 және 2 кезеңге демеуші «Батыс Алга LTD» ЖШС жобалаушы мекеме тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама құжаттамасы алынды.
Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарын жүргізуге мердігер мекемені анықтауға мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
1 және 2 кезең бойынша 2022-2023 жылдары құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Қалған 3-кезең бойынша жергілікті бюджетке жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін, бюджеттік өтінім ұсынылып, қаржы бөлінді. 2022-2023 жылы жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 2023 жылы құрылыс жұмыстары басталады.
Имашев Қайрат Есенбекұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, партияның Қаратау аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы