Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметИнфрақұрылымҚАЛА КӨШЕЛЕРІ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ.

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ.

«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында Шымкент қаласы бойынша әзірленген Жол картасындағы қаланы жарықтандырудың үлесін арттыру мақсатында   тиісті тармақтарының орындалуы өз деңгейінде жүргізіліп келеді. Мәселен, Жол картасындағы қаланың барлық көшелері мен аулаларын жарықтандыру бойынша2020 жылдың қорытындысымен көшелерді түнгі жарықтандырумен қамту көрсеткіші 30 %-ды құраған.

Аталған көрсеткішті арттыру мақсатында, 2021-2023 ж.ж мемлекеттік-жекешелік әріптестік (ГЧП) бағдарламасы аясында қосымша 312 көшені жарықтандырып, қамту көрсеткішін 70-% жеткізу жоспарланған. Осыған орай, конкурс нәтижесімен жеке серіктес «ABM building 2007» ЖШС келісім шарт жасалды. 2021 жылы 104 көшені мемлекеттік жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында жарықтандыру жоспарланып, қазіргі таңда  құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Нәтижесінде, қамту көрсеткіші 43,4-% жетті. 2022 жылы, ІІ-кезеңде 102 көшені жарықтандыру жоспарланған. Қазіргі таңда, жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, ведомостводан тыс сараптама қарауына жолданды. Сараптама қорытындысын шілде айында алып, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.  Нәтижесінде қамту көрсеткіші 43,4%-дан, 54,4%-ға дейін жететін болады.

Ақылды көше жарығы бойынша қазіргі уақытта қала бойынша 147 көше ақылды көше жарығымен қамтылған. Қамту көрсеткіші 19,6-% құрайды.

Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында 2021-2023 ж.ж мемлекеттік-жекешелік әріптестік (ГЧП) бағдарламасы аясында жарықтандыру жүйелерін толықтай автоматтандыру көзделуде. Яғни, диспетчерлік орталық құрылып, жарықтандыру жүйелері орталық арқылы толықтай басқарылады (атап айтқанда, күйген светильниктерді кері сигнал арқылы автоматты анықтау, түнгі мезгілде көлік қозғалысы баяулағанда светильниктердің жарық беру пайызы автоматты төмендеу т.с.с.).

2021 жылы аталған бағдарлама аясында, қосымша 136 көше ақылды көше жарығымен қамтылып, жыл қорытындысымен жалпы саны 179 көшеге жетті. Қазіргі таңда, 2022 жылға жоспарланған 102 көше бойынша құрылысын салу үшін жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Анарбеков Нұрпейіс Жапарұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР