Бүгінгі күні Шымкент қаласында көгілдір отынмен тұрғындарды қамту бойынша жұмыстар қарқынды іске асып келеді. Қаламыздың шалғай елді-мекендері мен жаңадан салынып, бой көтеріп отырған көп қабатты үйлер табиғи газбен қамтылып жатыр. Бұл мәселе өңірімізде оң шешімін тауып келеді.
Жергілікті тұрғындары табиғи газбен қамту мақсатында атқарылатын іс-шараларды «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында Шымкент қаласы бойынша әзірленген Жол картасында көрсеткен болатын. Сайлауалды бағдарлама мен қаланың даму жоспарына сәйкес, жүйелі жұмыстар жүзеге асырылып отыр. Айтатын болсам, 2021 жылы 6,1 млрд. теңгеге 17 нысанның құрылысы жүргізілді (оның ішінде, №3 АГРС және 3 магистралды 14 ішкі орамдық).
Осы жылы №3 АГРС және 2 магистралды сонымен қатар, елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, 11 мыңға жуық халық табиғи газбен қамтылуға мүмкіндік алды (Магистралды – Қайнарбұлақ, Азат. Ішкі жүйелер – Алтынтөбе, Бадам 195 орам, Достық 2-кезек, Асар-2, Азат). Нәтижесінде, табиғи газбен қамту қамту деңгейі 92,2%-дан 93%-ға жеткізілді.
Қазіргі таңда, табиғи газбен қамту деңгейі 93%-ды құрайды. Қаладағы 81 елді мекеннің 42 елді мекені табиғи газбен толығымен қамтылған. Ал, 31 елді мекен жартылай, 8 елді мекен қамтылмаған.
Осыған орай, 2022 жылы 13 елді мекеннің газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде (Батыс, Тассай, Арғымақ, Ақтас, Нұртас, Ақтас-2, Ақжар, Қөқбұлақ,Солтүстік саяжай, Тұран (2,3 кезек), Сәуле, Асар-2, Қайнарбұлақ). (Қаралған қаржы – 6,0 млрд.теңге (РБ – 4,9 млрд.тг., МБ – 1,1 млрд.тг)
2022 жылдың қорытындысымен 10 елді мекеннің (Батыс, Тассай, Арғымақ, Ақтас, Нұртас, Ақтас-2, Ақжар, Қөқбұлақ, Тұран (2,3 кезек), Сәуле) құрылыс жұмыстары аяқталып, 20 мыңнан астам адамды табиғи газбен қамтуға мүмкіндік береді.
2022 жылдың қорытындысымен табиғи газбен қамту деңгейі 93%-дан 94,7%-ға жеткізу жоспарда.
2023-2025 жылдарға арналған қаланың даму жоспарына сәйкес, қала халқын 100% табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, 26 елді мекенде жобаларды кезең кезеңмен іске асыру жоспарға қойылған.
Анарбеков Нұрпейіс Жапарұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі