Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметИнфрақұрылымСАПАЛЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ТҰРҒЫНДАРҒА ЖЕТКІЗІЛУДЕ.

САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ТҰРҒЫНДАРҒА ЖЕТКІЗІЛУДЕ.

Шымкент қаласында электр жарығымен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қарқынды іске асып келеді.  «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында Шымкент қаласы бойынша әзірленген Жол картасында тұрғындарды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін бес жылда атқарылатын жұмыстар жоспарланған.

Ал, қаламыздың даму жоспарында бұл бағытта да жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтайын. Мәселен, 2021 жылы 9,6 млрд. теңгеге 17 нысанның құрылысы жүргізілді (оның ішінде, 3 магистралды, 15 ішкі орамдық).

Жыл соңымен 2 подстанция 7 елді мекендегі құрылыс жұмыстары аяқталып, 21,3 мыңға жуық халық сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алды (Подстанция – Бозарық -220 кВ, «1-М-1 110 кВ». Ішкі жүйелер – Жалын, Ақжар, Достық, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздік 20 жыл).

Нәтижесінде, сапалы электрмен қамту деңгейі 95%-дан 97%-ға жеткізілді.

Қазіргі таңда, 81 елді-мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылса, 8 елді-мекенде электр қуаты сапасыз.

2022 жылы сапалы электр қуатымен қамту бойынша 11 нысанның, о.і. 9 елді мекенде ішкі жүйелерініңжәне 2 қосалқы стансаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. (Қаралған қаржы – 11,0 млрд.теңге (РБ – 8,8 млрд.тг., МБ – 2,2 млрд.тг)

Жыл қорытындысымен 1 қосалқы станцияның (Ақжар 110 кВ), 8 елді мекенде (Жаңаталап, Қайнарбұлақ, Солтүстік саяжай, Батыс, Тұран, Нұртас, Сауле, Достық) ішкі жүйелердің құрылыс жұмыстары аяқталып, 17 мыңға жуық адамды сапалы электр қуатымен қамтуға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 97%-дан, 99%-ға жеткізіледі.

2023-2025 жылдарға арналған қаланың даму жоспарына сәйкес, қала халқын 100% сапалы электрмен қамтамасыз ету мақсатында, қосалқы стансалар Ынтымақ 110 кВ, Қызылсу 220 кВ, Жұлдыз 220 кВ, Туран 110 кВ, Шымсити 110 кВ  жобаларды іске асыру жоспарға қойылған.

Қозбахов Шыңғыс Лесбайұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР