«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында Шымкент қаласы бойынша әзірленген Жол картасындағы кәріз жүйесімен қамтамасыз ету тармақтарының орындалуы өз деңгейінде жүргізіліп келеді. Мәселен, Жол картасындағы тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету бойынша қарқынды жұмыстар атқарылып жатқанын айтып өтейін.
Мәселен, Шымкент қаласын сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтмасыз ету мақсатында, 250 000 м3/сағ құрайтын автоматтандырылған газ тарату стансасының (әрі қарай-АГРС-3) құрылыс жұмыстары «StroyGazCompany» ЖШС тарапынан жүргізіп аяқталып, іске қосу жұмыстары атқарылуда.
АГРС-3 нысан сәуір айында іске қосылып, қаладағы әлеуметтік, кәсіпкерлік және өндірістік нысандар сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етіледі.
Қазіргі таңда қала аумағын толық газбен қамту 93%-ға жетті. 2021 жылы АГРС-3, 2 магистралды және 5 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, 11 мыңнан астам адам табиғи газ жүйелерімен қамтылды (АГРС-3, магистралды – Қайнарбұлақ, Азат. Ішкі жүйелер – Алтынтөбе, Бадам 195 орам, Достық 2-кезек, Асар-2, Азат).
2021 жылдан өтпелі 1 магистралды желі, 9 елді мекеннің газ желісінің құрылысы жүргізілуде (Магистралды –Ақтас, Батыс, Тассай, Арғымақ, Ақтас, Нұртас, Ақтас-2, Ақжар, Сауле, Қөқбұлақ).
Сондай-ақ, 1 магистралдық және 4 елді мекеннің газ желісі құрылысын жүргізуге мердігер мекемелерді анықтауға мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде (Сәуле магистралка, Тұран (2 кезек), Тұран (3 кезек), Асар-2 (3 кезек), Солтүстік саяжайы).
Қазіргі таңда, конкурстың қорытындысы бойынша 1 мердігер мекеме анықталды (Тұран (2 кезек). Қалған 4-і бойынша конкурс өтуде. Конкурстың қорытындысы бойынша мердігер мекемелер анықталғаннан соң, құрылыс жұмыстары басталады.
2022 жылы табиғи газбен қамту деңгейі 93%-дан 94,7%-ға жеткізу жоспарлануда.
2021ж 2022ж.
АГРС-3Қайнарбұлақ магистр1001 койка магистрАлтынтөбеБадам 195Достық 2 кезекАсар-2 Азат | Ақтас магистр Тассай Арғымақ Ақтас Ақтас-2 Ақжар Сауле Көкбұлақ Нұртас – Батыс – Сәуле магистралка – (конкурс) – Тұран (2 кезек) – Тұран (3 кезек) – (конкурс) – Асар-2 (3 кезек)- (конкурс) – Солтүстік саяжайы-(конкурс) |
Шымкент қаласында мемлекет тарапынан газ жүйелері тартылмаған 8 елді мекен орналасқан. Олар: Батыс, Тұран, Көкбұлақ, Ақтас-1,2 Сәуле (276 орам), Қайнар бұлақ шағын аудандары мен Айкөл, ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл елді мекендері. Қазіргі таңда, табиғи газ жүйелерімен қамтамасыз ету бойынша келесі жұмыстар атқарылуда.
Батыс ш.а. газ жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Газ жүйелерінің құрылыс жұмыстары 2022 жылдың қыркүйек айына дейін аяқталады.
Ақтас 1-2 шағын аудандары бойынша газ жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Газ жүйелерінің құрылыс жұмыстары 2022 жылдың шілде айына дейін аяқталады.
Тұран шағын ауданы (2-ші кезек) бойынша газ жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Тұран шағын ауданы (3-ші кезек) бойынша газ жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады.
Сәуле (276 орам) шағын ауданы бойынша газ жүйелерінің құрылыс жұмыстарын жүргізуге мердігер мекеме анықтауға мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде. Конкурстың қорынытындысы бойынша мердігер мекеме анықталғаннан соң, құрылысы басталады.
Қайнарбұлақ ш/а табиғи газбен қамтуға жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Құрылыс жұмыстары 2022 жылы жүргізіледі.
Сондай-ақ, ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл тұрғын алабын табиғи газбен қамтамасыз ету үшін, 2022 жылы ЖСҚ әзірлеуге бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс беріледі.
Сонымен қатар, қала тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, 2022-2025 жылдары даму жоспарына сәйкес, елді мекендердің ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарлануда. Нәтижесінде, халықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсартып, ластаушы заттарын ауаға шығуын жояды.
Имашев Қайрат Есенбекұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, партияның Қаратау аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы