Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетЖаңалықтарЖОЛДАУ - ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУҒА БАҒЫТТАЛДЫ

ЖОЛДАУ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУҒА БАҒЫТТАЛДЫ

Бүгін, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент қабырғасында Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнады. Бұл жолғы жолдауда мемлекет басшысы экономиканың өсуіне қатысты бірінші кезектегі басымдықтарды белгіледі. Ол ел экономикасын қалпына келтіру, саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы реформаларды жалғастыру мәселелеріне тоқталды.

Жолдау халық пен елдің ең маңызды, өзекті проблемаларына жауап беретін ерекше мәнге ие болды. Президент қазіргі геосаяси және экономикалық тұрақсыз заманда еліміздің даму үдерісін айқындайтын басты бағыттарды нақтылап берді.
Экономиканы түбегейлі реформалау үшін мемлекеттік басқару жүйесіне серпіліс қажет. Жұрт бос сөзден, жарқын болашақ туралы жалынды ұрандардан жалықты деген Мемлекет басшысы 2023 жылға қарай Президент, Парламент, Үкімет сияқты негізгі саяси институттардың бәрі қайта жаңғырып, жаңаратындығын айтты.

Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдай отырып, Мен бұл Жолдау бүкіл халық үшін қуатты жұмылдырушы бастама болатынына сенімдімін. Бүгінгі Жолдаудың міндеттерін іске асыру Қазақстанның дамуындағы ауқымды серпіліс үшін мүмкіндік болады деп ойлаймын. Мен барша отандастарымызды Мемлекет Басшысы Жолдауының міндеттерін орындау үшін топтасуға және бірге қуатты Қазақстанды құруға шақырамын!

Балабиев Нұрсұлтан Қайратұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР