Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетЭкономикаЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ!

ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ!

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бірінші кезекте еліміздегі жаңа экономикалық саясатты дамытуға назар аударды. Мемлекеттң қарқынды әрі тұрақты дамуы үшін экономикалық бағыттарды жүйелі іске асыруымыз тиіс. Сондықтан жолдаудағы айтылған жаңа экономикалық саясаттың негізі ел игілігіне қарай жұмыс жасауды көздеп отыр. Бүгінгі күні еліміз  шикізатқа әлі де тәуелді болып отырғанын және еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіздігін алға тартқан ел Президенті ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ деп нақты айтты.

Бұл мәселелердің тиімді шешу үшін – макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және  цифрландыру. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнықтыру керек екені белгілі. Ал, жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтарына тоқталып өтсем. Атап айтқанда: жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, яғни, мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту; бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру; ұлттық табысты әділ бөлу болып табылады.

Сонымен қатар, төмендегідей маңызды міндетті шешуді талап ететінін атап өтті:

Бағаны әкімшілік жолмен реттеу тұтас салалардың инвестициялық тартымдылығын төмендетеді. Сондай-ақ, тауар тапшылығын туындатып, елді импортқа тәуелді етеді. Экономиканы одан ары монополиясыздандыру үшін нақты институционалдық шешімдер қабылдау қажет. Экономиканың тұрақты өсуі салық саясатының түсінікті және болжауға болатындай етіп жүргізілуіне тікелей байланысты. Салық саясатының тиімді болуы кеден жұмысының ашықтығына тығыз байланысты. Бюджет саясатына реформа жасау. Кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау. Мемлекет пен жекеменшік серіктестігінің жаңа үлгісіне көшу. Несие ресурстарының тапшылығы отандық бизнес үшін үлкен проблема болып отырғанын ата өтті. Өнім өндіру үшін, ең алдымен, жер керек.  Жері жоқ адам бизнеспен айналыса алмайды.

Осы аталған мәселелердің шешімін Мемлекет басшысы тиянақты әрі жүйелі реформалар арқылы табатынымызға ден қойды. Сондықтан еліміздің ертеңі үшін экономикалық саясатты дамытуға барынша үлесімізді қосуымыз тиіс. Жаңа қазақстанды құрудың негізге ала отырып жарияланған Жолдауды қолдауға шақырамын!

Анарбеков Нұрпейіс Жапарұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР