Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметБілімМӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ.

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ.

Білім мерекесі күні қарсаңында Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Имашев Қайрат Есенбекұлы қаладағы №130 мектебінің алғашқы қоңырау мерекелік іс-шарасына қатысты. Салтанатты жиынға ата-аналар, ардагер мұғалімдер мен шақырылған қонақтар және мектеп табалдырығын жаңа аттағағалы тұрған бүлдіршіндер қатысты.

Мерекелік іс-шарада AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Қайрат Есенбекұлы: «Құрметті ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар! Баршаңызды 1-ші қыркүйек «Білім күні» мерекесімен құттықтаймын! Алғашқы қоңырау салтанатты жиынында Сіздермен кездесіп тұрғаныма өте қуаныштымын! Өздеріңізге белгілі қазіргі заман – білімді азаматтардың заманы! Қазақ халқында «Білекті бірді жығар – білімді мыңды жығар» – дейді. Бүгінгі күннің талабы бой салыстыратын емес, ой салыстыратын қоғам! Сондықтан оқушыларға терең білім беру – ұстаздардың қолында. Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Алты Алаштың баласы бас қосқанда – төр мұғалімдікі»! Сіздердің еңбектеріңізді әрқашан жоғары бағалаймыз!

Мемлекет басшысының алға қойып отырған негізгі ұстанымы – білімді де білікті тұлғаларды қалыптастыру екені анық. Осы бағытта Аманат партиясы өңірімізде білім сапасына аса көңіл аударуда. Бірінші кезекте адам капиталына мән беруді талап етіп отыр. 2022 жылдың өзінде қаламызда сайлауалды бағдарлама негізінде 11 мыңға жуық орынмен 25 мектеп салынып, пайдалануға берілді. Бұл біздің қаламыз үшін үлкен көрсеткіш деп санаймын.

Білімді ұрпақ  – келешегіміздің кепілі болып табылады. Балаларымыз мұғалімдердің ақылын тыңдап, білімін бойына сіңіруі тиіс. Тәрбие мен білім қатар жүреді. Осы қара шаңырақ білім ордасына әрбіріңіз тарыдай болып кіріп, таудай болып шығасыздар! Алдағы сын сағаттардан сүрінбей өтіп, мектептің есімін шығара беріңіздер! Ұстаздарыңыз Сіздермен даңқты әрі танымал болады. Сіздерге осы оқу жылында тынбай еңбек етіп, жемісін көруді тілеймін! Осы мектеп қабырғасынан Тәуелсіз Еліміздің Әнұранын әлемде шырқататын түлектер шыға берсін дегім келеді! Мереке құтты болсын!»,- деген жүрекжарды тілегін жеткізді.

KazPikiR

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР