Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетСаясатӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН!

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН!

Бүгінгі Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасаған «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси даму бағыттары айқындалған.

Президент Жолдауы бүгінгі заман ағымына, қоғамдағы қалыптасқан жағдайға, оның ішінде әлемдік жағдайға байланысты өте нақты әрі уақытылы жасалған деп санаймын.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында алдағы реформалардың 5 бағыт-бағдарын атап өтті. Бұл: Жаңа экономикалық саясат; Нақты секторды дамыту; Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция; Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту; Заң және тәртіп.

Президентіміз атап өткендей, Еліміздің басты құндылығы – адам.  Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Қаламызда сапалы білім беруді одан әрі жалғастыруды бақылауда ұстау қажет. Қ.К.Тоқаев  «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың маңызды шарты» екенін атап өтті. Бұл мәселелер сайлауалды бағдарламада ашық көрсетілді. Білім беру мекемелерінің салынуы, ұстаздардың біліктілігін жетілдіру, мектепке дейінгі тәрбие жұмысы, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту тағы басқа білім жүйесіндегі инновацияларды әрі қарай жалғастыра беру керек.

Жолдауда әлеуметтік салада ең төменгі жалақы деңгейін көтеру, зейнетақы жүйесін, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қайта қарау және басқа да Жаңа Қазақстанның сипатына сай келетін маңызды бастамалар айтылды.   Соның ішінде, Ұлттық қордың жылдық инвестициялық табысының тең жартысы 18-ге толмаған қазақстандықтардың жеке шоттарына аударылып отыратынын мәлімдеді. Менің ойымша, бұл бастама жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, қоғамдағы шиеленіскен үрдістерді азайтады. 

Мемлекет басшысының Жолдауын көтерілген барлық мәселелер «AMANAT» партиясының негізгі бағдарымен үндес келеді. Сондықтан жұмыла отырып, жұмыс жасайық! Ел болып бірігіп, Мемлекет басшысының саясатын бір кісідей қолдаймыз деген сенімдемін. 

Сулайманов Лазиз Низамханұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР