«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында түзілген Жол картасында Шалғай елді-мекендерді дамытуға байланысты бағытының іске асуына партия тарапынан бақылау жасалып келеді. Атап айтқанда, Қайнарбұлақ шағын ауданында инженерлік инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жүргізілуде. Кейбір құрылыс жұмыстары келесі жылға өтпелі болып табылады.
60 мыңнан астам тұрғыны бар Қайнарбұлақта қазір 329,8 шақырымды құрайтын ауыз су құбырлары тартылып жатыр. Әзірге 50 шақырымы аяқталған. Табиғи газбен қамту жұмыстары екі секторға бөліп жүргізіліп жатыр. Ал, Жаңақұрылыс тұрғын алабында ұзындығы 233,4 шқ болатын газ жүйелері тартылуда. Саяжай алабында газ жүйелерінің ұзындығы: 206,7 шақырымды құрайды.
Екі сектордағы құрылыс жұмыстарды келесі жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар электр жүйесімен қамтудағы жұмыстар 2023 жылдың ІІІ-тоқсанында аяқталмақ. Жалпы электр жүйелерінің ұзындығы 68,6 шқ. құраса, осы кезге дейін жұмыстың 40%-ы орындалды.
2022 жылы Степная, Бөлешов, №125 мектеп көшелері жарықтандырылды. Ал, 2023 жылы Дружба, Фабричная, Металлург, Заводская, Құрасбеков, Шанин, Жаңақұрылыс көшелері жарықтандырылатын болады.
Имашев Қайрат Есенбекұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі