Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеумет«ЖЕР АМАНАТЫ» КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«ЖЕР АМАНАТЫ» КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының жанындағы «ЖЕР АМАНАТЫ» комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырысқа партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева қатысты. Отырысты «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары, комиссия төрағасы М.Қалмұратов жүргізіп отырды. Алдымен жиында қалалық Жер ресурстары, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқарма басшыларының баяндамасы тыңдалды.

Қазіргі таңда қаланың жалпы жер көлемі 116,3 гектар болса, оның ауыл шаруашылығына жарамды жерлері 61,7 мың га құрайды. Оның ішінде: егістік жерлер – 38,8 мың га. Ауыл шаруашылығы жерлеріне сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан жүргізілген мониторинг жұмыстары нәтижесінде 2020 жылы 836 жер пайдаланушы (алаңы 8637 га) және 2021 жылы 291 жер пайдаланушы (алаңы 2407 га) тұратын пайдаланылмайтын жер анықталған.

Жиында Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары Сейдалиев Нұржан Ақыпбекұлы: «Шымкент қаласы аумағында 992 жер учаскесiн тұрғын үй құрылысын салу үшін өз бетінше иеленіп алу фактілері анықталған. Сонымен бірге, жерге тиiстi құжаттарсыз жүзге жуық дүңгіршек орналастырылған. Әкiмдiк пен халық арасында жерді өз бетінше иеленiп алудың салдары туралы тусiндiру жұмыстары жургiзiлуде», – деген ақпаратын жеткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, пайдаланылмай жатқан және жеке меншікке заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде жұмыс жүргізілуде. «Жер аманаты» комиссиясының міндеті – ауыл тұрғындары үшін жайылымға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету. Үш айдың ішінде «AMANAT» партиясының араласуымен республика бойынша 10 өңірде 1,6 млн гектардан астам жер қайтарылды. Сонымен қатар, жер мәселелерін неғұрлым жедел шешу үшін қазақстандықтар барлық заң бұзу фактілері туралы «AMANAT» партиясының «Жедел желісі» 8 800 080 44 41 телефонына хабарлай алады.

Имашев Қайрат Есенбекұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, қалалық партия филиалының жанындағы Агороөнеркәсіп комитетінің төрағасы және «Жер аманаты» комиссиясының мүшесі.

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР