«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған қалалық сайлауалды бағдарламасында тұрғындардың 700-ге жуық ұсыныстары ескерілді. 10 басымдықтар мен 149 тармақ 475 индикатордан тұратын Жол картасын бес жылда іске асыру үшін 1,3 трлн. теңге қарастырылған.
2021 жылы жоспарланған 122 іс-шараның 112-і (92%) аяқталып, 10 – ы (8%) 2022 жылға өтпелі болып отыр. Осыған орай, сайлауалды бағдарламадағы атқарылған іс-шараларға тоқталып өтейін:
1. Тұрғын үй және инфрақұрылым саласында жылдың соңына дейін 661 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. 12 айда 1 миллион шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріліп отыр. Оның ішінде, 1189 пәтер көпбалалы аналар мен әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға берілді.
2. Әлеуметтік салада оң өзгерістер көп. Атап айтқанда, 2021 жылы 6052 орындық 12 мектептің салу жоспарланған. Нәтижесінде көрсеткіш 13 мектепке артық орындалып, 12 714 орындық 25 мектеп пайдалануға беріліп отыр.
Медицина саласында 2021 жылы 2 медициналық мекеме салу жоспарланып, тәулігіне 2500 азаматты қабылдайтын 5 медициналық мекеме салынды. Сонымен қатар, партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзету орталықтарының жұмысы күшейтіліп, «Тең қоғам» оңалту орталығы ашылды.
Бұқаралық спортты дамытуда 2021 жылы 2 спорт нысанын салу жоспарланып, 1200 орындық 2 спорт кешені салынып, пайдалануға беріліп отыр. Жоспар орындалды.
Биылға жоспарланған 6 стрит-воркауттың орнына 7 стрит-воркаут салынды. 73 спорт алаңшаларының орнына 115 спорт алаңшалары салынып жоспар артығымен орындалды. 20 секция ашу жоспарланып, бүгінде 37-ге жетіп отыр.
Сонымен қатар, 300-ге жуық спорттық шаралар ұйымдастырылып, 45 мыңнан астам қатысушыларды қамтыды және спортпен шұғылданушылар санын 31% жеткізу жоспарланып, бүгінде 31,2% құрап отыр.
Мәдени туризмді дамыту саласында ескі қалашықтағы «Цитадель» мұражайының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясы кеңейтіліп, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін оқып-үйренуіне жағдай жасау мақсатында 600-ден астам азамат оқудан өтті.
3. Экономикалық әлеуетті жақсартуда 2021 жылы 14 233 азаматты тұрақты жұмыс орнымен қамту жоспарланған. Жоспар орындалды. Жол картасы аясында инвестиция көлемі – 54,3 млрд теңге құрайтын аграрлық және кәсіпкерлік саласында 21 кәсіпорын іске қосылды.
4. Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша «Мен кәсіпкер боламын» өңірлік бағдарламасын іске асыру аясында 20 жобаның орнына 28 жоба іске асырылып отыр. «Еңбек» кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында 60 шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету жоспарланып, бүгінгі күні 70 жоба қаржыландырылды.
5. Шалғайдағы елді мекендерді дамытуда 2021 жылға ауыз сумен қамтамасыз етуді 95,6 пайызға жеткізу жоспарланған. Бүгінде 98% жеткіздік.
2021 жылға көгілдір отынмен тұрғындардың 93% қамтамасыз етуде сағатына 250 мың куб метр құрайтын №3 автоматты газ реттегіш станциясының құрылысы аяқталды.
Биыл «Бозарық», «1-М-1» қосалқы электрстанциялары іске қосылды. 2021 жылға сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етуді 95% жеткізу жоспарланып, орындалды.
6. Экологиялық ахуалды жақсарту бойынша орталық көшелерінің бойына, қоғамдық орындарға егілетін сәндік гүлдер, декоративті ағаш көшеттерін дайындайтын 200 гектар тұқымбақ ашуға жер бөлініп, жұмыстар атқарылып жатыр. Қала тазалығын сақтауда 1474 контейнерлер жаңартылды.
7. Жолдар мен көлік инфрақұрылымы саласында 2021 жылға жоспарланған 4 көпірдіңқұрылысы аяқталып іске қосылды. 165 аялдамаларды мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы етіп жабдықтау жоспарланған. Бүгінгі күні 250 аялдама жабдықталып, пайдалануға берілді. Қоғамдық көлік саласында 590 жаңа автобустар бағыттарға қойылды. 100% қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесі енгізілді.
8. Қоғамдық қауіпсіздік саласында 136 мектептерде бейнебақылау камералары мен турникеттер орнатылды. Қалада 3740 камера орнатылып жұмыс жасауда.
9. Жастарды қолдауда осы жылы жұмысшы жастарға 300 пәтер беру жоспарланып, орындалды. 2021 жылы 900 орындық 2 жатақхана салу жоспарланған. Нәтижесінде 1500 орындық 4 жатақхана пайдалануға берілді. Көпбалалы жас отбасыларға арналған «Шаңырақ» психологиялық, құқықтық-кәсіптік кеңес беру институты іске асырылды.
10. Цифрландыру саласында қаладағы 4 аудандық полиция басқармасының жанынан «Бір терезе» қағидаты бойынша фронт-офистер ашылып, жұмыс жасауда. «БІР ТЕРЕЗЕ» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді 96% жеткізу жоспарланып, бүгінде 99% құрап отыр. Қалада «109» желісімен «IKomek Shymkent» жедел қызмет көрсету орталығы ашылды. Мұғалімдерді жұмысқа орналастырудың автоматтандырылған «HR-Process» жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту бойынша жобасын іске асырылды.
Барлық міндеттер дәйекті жоспарлармен белгіленген. Оны жүзеге асыруға әлеуетіміз жетеді. Партия нақты істер мен халық игілігі үшін қызмет етеді.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі Тулегенов Бекайдар Мусаевич.