Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметИнфрақұрылымДЕПУТАТ ТҰРҒЫН АЛАПТАРЫНДА БОЛДЫ

ДЕПУТАТ ТҰРҒЫН АЛАПТАРЫНДА БОЛДЫ

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру туралы «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!» Шымкент қаласының Жол картасының орындалуын бақылау мақсатында Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Қайрат Мұсаханұлы Сүлейменов Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбекпен бірге Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты шалғайда орналасқан Маятас және Тоғыс тұрғын алаптарының тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдап, тұрғындардың өтініштері басты назарда екенін жеткізді.

Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар жаңбыр жауған кезде Бадам өзенінің сағасы кеңейіп, өзен жағасындағы тұрғын үйлерге қауіп төндіріп жатқандығын айтты. Айтылған қауіпті алдын-алу мақсатында Бадам өзенінің жағасына бетондау жұмыстарын жүргізу немесе өзеннің арнасын өзгерту қажеттігін де жеткізді.

Фракция мүшесі Тоғыс тұрғын алабының ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Түктібаевпен өзекті мәселелерді талқылап, шешу жолдарын да қарастырды. Сондай-ақ, Маятас тұрғын алабындағы күре жол болып саналатын, ұзындығы 3,5 шақырым Көзді ата көшесіне 7 дана аялдамалар орнату жұмыстарын көріп, қарап шықты.

Аталған тұрғын алаптарында Интернет мәселесі де Шымкент қаласы Цифрландыру басқармасы тарапынан анықтау жұмыстары жүргізілуде екенін көріп қайтты.

                                                                                     KazPikiR

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР