Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетПікірБАСТЫ МІНДЕТ - ЕЛГЕ АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУ!

БАСТЫ МІНДЕТ – ЕЛГЕ АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУ!

Қазақстан Республикасының Президенті, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Қ.К.Тоқаев 2022 жылдың ақпанның айының 8-ші жұлдызында үкіметтің кеңейтілген отырысында: «Біз осындай қиын жағдайда ел бірлігінің арқасында мемлекетіміздің қауіпсіздігін, тіпті да тұтастығын сақтап қалдық. Қазір Үкіметтің басты міндеті – халықтың әл-ауқатын арттыру, азаматтардың табысындағы алшақтықты азайту және еңбек етуге қолайлы жұмыс орындарын ашу. Бәріміз елдің игілігі үшін қызмет етуге тиіспіз!»,- деп нақтылап айтты. Бұл қазіргі таңда еліміздің ертеңі үшін алаңдайтын азаматтардың аянбай еңбек етуіне деген сенімін жоғарлатыны сөзсіз. Қандай да салада болмасын әр азамат Тәуелсіз еліміздің гүлденуіне атсалысуы тиіс. Бүгінгі күннің талабы «мемлекет маған не береді емес, мен мемлекетке не беремін» – деген үлкен ұстаным екенін естен шығармағанымыз абзал. Осыған тағы қосып айта кетейін, осы мақсатта партиямыз әр азаматтың лайықты өмір сүруі үшін бес жылдық сайлауалды бағдарламасын ұсынған-ды. Сайлаушыларға берген уәдемізді уақытылы орындауда барша фракция мүшелері белсене атсалысып, бақылауында ұстап келеді. Өздеріне бекітілген жауапты тармақтары бойынша тиянақты жұмыстар атқаруда. Партияластардың тынбай қызмет етуінің арқасында өткен жылға жоспарланған іс-шаралар 92 пайызға орындалды. Бұл біз үшін үлкен көрсеткіш екенін айта аламыз. Алдымызда әлі де төрт жылға жоспарланған іс-шараларымыз бар. Олардың орындалуын бақылауда ұстау әр депутаттың еншісінде. Сондықтан ел игілігі жолында адал еңбек ету парызымыз болып саналады. Мемлекет басшысының  ұстанымын қолдай отырып, күшіміз – бірлікте екенін сезініп, халқымыздың сенімін ақтаймыз деген сенімдемін!  

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Сулайманов Лазиз Низамханұлы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР