Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетСаясатІСКЕР ДЕПУТАТТЫҢ – ИГІ ІСТЕРІ!

ІСКЕР ДЕПУТАТТЫҢ – ИГІ ІСТЕРІ!

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының фракциясы жетекшісінің орынбасары Таңатарова Жадыра Нағашыбайқызы партияның қалалық филиалында кестеге сәйкес кезекті қоғамдық қабылдауын онлайн және оффлайн форматта өткізді. Қабылдауына келген 7 қала тұрғындары өздерінің талап-тілектерін жеткізіп, құжаттарын рәсімдеудегі туындаған кедергілерді болдырмауға ықпал ету, жұмысқа орналастыру және әлеуметтік-материалдық жәрдем беруін сұрады. Қоғамдық қабылдауға келген 7 тұрғынның, оның ішінде 5 азаматтың мәселелері депутаттың іскерлігін арқасында дер кезінде оң шешімін тапты. Қалған 2 азаматтың өтініштеріне заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тиісті жергілікті атқарушы органның басқармаларына жолданды.

KazPikiR

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР