Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетСаясатПАРТИЯ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ!

ПАРТИЯ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ!

ҚР Президенті, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Қ.К.Тоқаев партияның кезектен тыс ХХІ съезінде: «Nur Otan» – еліміздің негізгі саяси күші. Сондықтан Қазақстанның болашағы үшін, ең алдымен, біздің партиямыз жауапты. Әрқайсымыз осы жауапкершілікті терең сезініп, жұмыс істеуіміз қажет. Шын мәнінде, «Nur Otan» мемлекетшілдер партиясы болуы керек. Ұйым мүшелері мемлекет мүддесін бәрінен биік қоюға тиіс»,  – деген еді. Осы орайда, барлық азаматтар Мемлекет басшысы айтқан сөздерді басшылыққа алуы тиіс деп есептеймін. Партия әрқашан қазақстандықтардың өмір сүруін жоғары деңгейге жеткізуге атсалысады. Әр азаматтың лайықты өмір сүруі үшін тынбай еңбек етіп жүргені де ақиқат. Қандай да бір мәселе туындай қалса, азаматтар партияға жүгінетіні белгілі. Фракция мүшелері қолдарынан келгенше тиімді жолдарын тауып, дер кезінде шешіп беруге жағдай жасаймыз. Сонымен қатар, сайлауалды бағдарламаныңда 2021 жылға жоспарланған іс-шараларының  92 пайызының орындалуы көңілге қуаныш ұялатады. Бұл көрсеткіш сайлаушылардың сенімін қалыптастыратыны сөзсіз. Депутат ретінде ел мүддесі үшін қызмет етудемін. Партияның идеологиясын насихаттап, үлесімізді қосқан сайын, саяси ұйым нығая түсетіні анық. Қаламыздағы 30 мыңнан астам партияластар партияның жандануы жолында қыруар істер атқарып келе жатқанын да айта аламын. Қазақта сөз бар: «бірлік бар жерде – тірлік бар». Осыған орай, баршамыз бірлігімізді сақтап, келешек үшін аянбай жұмыс жасайық!   

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Қозбахов Шыңғыс Лесбайұлы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР