Шымкент қаласының, «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалы Саяси кеңес Бюросының қаулысымен «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы болып Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Имашев Қайрат Есенбекұлы сайланды.
Айта кететін болсақ, Партиялық бақылау комитеті партияның бақылаушы органы болып табылады. Комитет өз қызметін жүзеге асыру кезінде партиялық тәртіпті сақтаудың негізгі критерийлеріне сүйенеді, оның ішінде: партия Жарғысының, бағдарламалық құжаттардың және партия Төрағасы тапсырмаларының талаптарын сақтау; партия мүшелерінің құқыққа қарсы іс-қимылдарды жасауына жол бермеу; партия мүшелерінің партия беделін түсіретін партия мүддесіне зиян келтіретін іс-қимылдар жасауына жол бермеу.
Ал, мақсаты мен міндеттері: партиялық тәртіпті нығайту саласындағы бағдарламалық құжаттарды іске асыруды қамтамасыз етеді; партия мүшелерінің партиялық тәртіпті сақтауын бақылайды; жол берілген бұзушылық фактілері бойынша партиялық тәртіптің сақталуына бақылау жүргізеді; уәкілетті партия органдарының қарауына партия мүшелерін партиялық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді.
Партия жолындағы Имашев Қайрат Есенбекұлын жауапты қызметімен шын жүректен құттықтаймыз! Тұрғындардың игілігі үшін белсене жұмыс атқара беруіңізге тілектеспіз! Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, ел мүддесі жолындағы бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!
Қайрат Есенбекұлы 1977 жылы 26 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақтас елдімекенінде көпбалалы отбасында дүниеге келген. Мамандығы Қолданбалы математика және информатика, қаржы бакалавры және менеджменті. Еңбек жолын 2002 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында жетекші менеджер қызметінен бастаған, 2003 жылы менеджер көмекшісі, 2004 жылы бөлім басшысы және басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2004-2007 жылдар аралығында аталмыш мекеменің Қазығұрт аудандық филиалының басшысы қызметінде жұмыс жасаған. 2007-2009 жылдар аралығында «АТФ Банк» АҚ ОҚО филиалы, Сайрам ауданы, Ақсукент елді-мекені №4-ші банктік қызмет көрсету орталығының басшысы қызметін атқарған. 2009-2011 жылдар аралығында «Мұнай инвестмент групп» АҚ-ның қаржы директоры қызметін, 2011-2015 жылдар аралығында «Нұрбанк» АҚ Шымкент қаласындағы филиал басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін «СервисЦентр-2007» ЖШС-нің директорының кеңесшісі қызметін атқаруда. 2011 жылдан бастап партияның мүшесі. Сонымен қатар, 2015 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы секторын дамытуға қосқан үлесі үшін, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының «Ең жақсы қаржы маманы» Қоғамдық медалімен марапатталған. (Алматы қаласы). 2019 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын иеленген. (Нұр-Сұлтан қаласы). 2019 жылы партияның «Құрмет» грамотасы табысталған. (Нұр-Сұлтан қаласы). 2021 жылы партия праймеризінің жеңімпазы атанған. 2022 жылы наурыз айынан бастап Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі атанды.
KazPikiR