Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетСаясатФРАКЦИЯ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНУДА!

ФРАКЦИЯ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНУДА!

Қазақстан Республикасының Президенті, «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен партиямыздың кезектен тыс ХХІІ-ші Съезіндегі партияны модернизациялау бағдарламасын барлық фракция мүшелері бірауыздан қолдадық. Өздеріңізге белгілі тұрғындардың қолдауымен сайлауда партиямыз өңірімізде 78,6 пайыз дауыс жинап, аса басымдықпен жеңіске жеттік. Мәслихаттағы 30 мандаттың 24 орнын иеленіп, әлеуметтік квоталар ескерілді. Жаңа депутаттық корпус қалыптасып, мәслихаттағы – 1 хатшы, партия фракциясының мүшелері 23 депутатты құрап отыр. 

Құрамына келетін болсам, фракция мүшелерінің 15 – ер (65%), 8-әйел (35%) және олардың ішінде 4 – жастар (17%). Орташа жас – 46 жасты құрап отыр. Ал, салалары бойынша хабардар ететін болсам: әлеуметтік салада – 8 депутат (35%), кәсіпкерлік саласында – 11 депутат (48%), квазимемлекеттік сектор және БАҚ саласында – 4 депутат (17%) қызмет атқаруда. Фракцияның құрамы әртүрлі сала өкілдерінен құралғандықтан өңірімізде сапалы әрі нақты жұмыс жасауға мүмкіндік беруде.

Барлық фракция мүшелері Жол картасындағы индикаторлардың орындалуына жауапты. «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасы 2021 жылға жоспарланған іс-шаралар фракция мүшелері тарапынан бақылауға алынып, 92 пайызға орындалды.Қазіргі таңда биылға жоспарланған іс-шаралардың барлығы орындалу үстінде.  

Партияны модернизациялау бағдарламасы бойынша халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру мақсатында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Жол картасы аясында іс-шаралардың іске асырылуын бақылау мақсатында фракция мүшелері тұрғындармен бір жылдың ішінде 200-ге жуық кездесулер өткізді.

Қалаға қосылған 44 елді-мекеннің тұрғындары наразылықтарын білдіруде. 2021 жылдың 12 айында 2 мыңнан астамазаматтың қатысуымен 105 наразылық орын алды.  Оның ішінде 40 пайыздан астамы инфақұрылым мәселесі болып тұр. Одан кейінгі орында тұрғын үй мен білім беру саласы алып тұр. Осы мәселелердің ушығып кетпеуі үшін фракция мүшелері тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда фракция мүшелері округтерге жауапты етіп бекітіліп, тиісті басқарма өкілдерімен бірге жүйелі кездесулерді ұйымдастыруды алға қойып отырмыз. Соңғы үш айдың ішінде 30-ға жуық наразылықтар болды. Көп мөлшері қаңтар оқиғасына қатысқан азаматтарды шығаруды талап етуге байланысты.

Фракция мүшелерінің әлеуетін пайдалану мақсатында оларды партия жұмысына тартып отырмыз.  Аймақтық Саяси кеңес Бюросында – 2, Саяси кеңесте-5, қоғамдық кеңестерде – 18, бастауыш партия ұйымының төрағалығында –12, фракция мүшелері белсенді жұмыс жасап жатыр. Олардың қатысуымен партиялық жобалар қарқынды іске асырылуда.

Бүгінгі күнде мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының 14 отырысы өтіп, күн тәртібінде 49 мәселе қаралды.Фракция мүшелерінің тарапынан 2021 жыл басынан бері 300-ге жуық депутаттық сауалдар жолданып, 85 пайызы оң шешімін тапты. Қалғандары орындалуда. Сонымен қатар, депутаттық сауалдардың нәтижесінде бюджеттен қосымша 25,4 млрд.теңге бөлініп, түрлі өзекті мәселелерге бағытталды.

Партияның жұмысында ашықтықты арттыру бойынша «Депутаттар   рейтингі»   жүйесі   өзінің   өзектілігі   мен қажеттілігін көрсетті. Фракция   мүшелері   әлеуметтік желілерде  110 мыңға жуық  адамды қамтитын  250 -ден астам  тікелей эфирлер өткізді.  95% «Мәслихат  депутаттарының рейтингі»  ақпараттық жүйесіне  мәліметтерін  енгізіп,   4  мыңға   жуық  мәліметтерін  жүктеді.

Сонымен қатар, халықтың талаптары мен ұсыныстарын назарға алып, оң шешімін табуға атсалысудамыз. Атап айтқанда, 2022 жылдың І-ші тоқсанындафракция мүшелері  – 44 қабылдау өткізіп, 226 – азаматтарды қабылдады. 100-азаматтың (45%) мәселелері оң шешілді. Қалған азаматтарға заң шеңберінде түсінік берілді.

Қазақстан Республикасының Президенті, «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Жолдауында «Азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берген жөн. Мықты мәслихаттар өзекті мәселелердің шешімін табуға және аймақтардағы тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ете алады», – деп нақтылады. Сондықтан барлық 31 мың партияластардың басын біріктіріп отырған бастауыш ұйымдардың төрағалары мен әріптестерімді 630 мыңнан астам сайлаушылармен белсене жұмыс жасауға шақырамын!

Жаңа Қазақстан мен жаңарған партиямыз атына заты сай болады деп сенеміз. Біз мемлекетті дамытуға, оны озық елдердің қатарына қосуға, халық тұрмысын жақсартуға күш саламыз. Мемлекет басшысы, партия Төрағасының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларын толықтай жүзеге асыру үшін әрқашан қолдау көрсетіп, жүзеге асыруға дайынбыз!

Биыл Тәуелсіздігіміздің нышаны – Мемлекеттік рәміздерге 30 жыл! Әрқашан көк Туымыз ашық аспан астында желбіресін! Ән Ұранымыз – әлемде шырқалып, Ел таңбамыз – Мәңгілік Елдің символына айнала берсін! 

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясының фракциясы жетекшісі ТУЛЕГЕНОВ БЕКАЙДАР МУСАЕВИЧ

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР