Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатын тыңдадым. Ел Президенті сұхбатта көптеген ақпараттар мен нақты мысалдарды келтірді. Тәуелсіз еліміздің елдігін сақтап қалудағы бастамаларына толық қолдау білдіремін. Сонымен қатар, саясаттанушы ретінде өзіндік пікірімді қоса кететін болсам: біріншіден, әлемдік саясаттағы мол тәжірибесі жүйелі реформалар жасауға мүмкіндік беріп келеді; екіншіден, саяси шешім қабылдау үрдісіндегі батылдығы оң нәтижелі болады; үшіншіден, дипломатиялық бастамалары сәтті іске асырылып жатыр; төртіншіден, көшбасшыға тән қарапайымдылық үлгісін көрсетті; бесіншіден, әлемдік және елдегі оқиғалардан хабардар болып, баға беруі – білімді әрі кәсіби сарапшы екенін білдірді; алтыншыдан, ел мүддесі жолында адалдықты ту етуші тұлға ретінде мойындатты; жетіншіден, халықтың талап-тілегін басты назарда ұстайтынын көрсетті.
Байқонысов Ербол Рәбілұлы – «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы «Саяси жұмыстар» бөлімінің меңгерушісі, саяси ғылымдарының магистрі, PhD – докторант.